Ж. Ертаевқа Ресейде тұруға берілген құқығының күші жойылды

29 маусым 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура Ресей Федерациясынан «РБК Банк» АҚ директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы кеңесшісі Ж.Ертаевты экстрадициялау бойынша шараларды қабылдауда.

Банк қаражатынан 160 млн. АҚШ долларын жымқырғаны үшін оған қатысты іздестіру жарияланғанын естеріңізге саламыз.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша 2018 жылғы 14 маусымда Мәскеу қаласының Пресненск аудандық соты тағайындаған «үй қамауы» түріндегі бұлтартпау шарасы а.ж. 8 қарашаға дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, біздің өтінішхатымыз бойынша Ресейдің ІІМ-нің Мәскеу қаласы бойынша Бас басқармасының 2018 жылғы 6 маусымдағы шешімімен Ертаевқа 2017 жылғы қараша айында Ресей Федерациясында тұруға берілген құқығының күші жойылды.

Ресейлік әріптестермен өзара іс-қимыл жасасумен Бас прокуратура Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау бойынша жұмысты жалғастыруда.

       

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу