You are here

Заңға қол қойылғандығы туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2014 жылғы 5 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 3 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң)  қол қойды.

Аталған Заңды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 97.2-тармағын жүзеге асыру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып әзірледі.

Заңды қабылдаудың мақсаты экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады, атап айтқанда:

ұйымдарды, сондай-ақ ақпараттық материалдарды сот тәртібімен экстремистік немесе террористік деп тану және олар бойынша сот актілерін дереу орындау үшін айналымға түсіру мәселелерін реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіру;

мемлекеттік органдардың экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретін нақтылау;

діни ғимараттарды (құрылыстарды) салу немесе оларды қайта бейімдеу үшін жер телімдерін бөлу тәртібін жетілдіру;

жекелеген заңнамалық актілерді 2013 жылғы 8 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережесіне сәйкестендіру;

экстремистік және террористік мақсаттарды көздейтін адамдардың ел аумағына кіруіне немесе шетелге шығуына, сондай-ақ сот арқылы экстремистік деп танылған ұйымдардың мүлкін тәркілеуге және мемлекет кірісіне алуға бақылау жасауды күшейту.

Заңның қабылдануынан құқықтық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда:

экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жасаудың жалпымемлекеттік жүйесін жетілдіруге;

экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың және үйлестірудің тиімді тетігін құқықтық регламенттеуге;

бірыңғай ұғымдық аппарат құруға, заңнамадағы бар қайшылықтарды жоюға;

экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша қызметтегі мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен құзыреттерінің аражігін заңмен ажыратуға және нақтылауға;

жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін экстремизм көріністерінен және террористік қатерлердің пайда болуынан қорғауды жаңа сапалы деңгейге көтеруге қол жеткізіледі.

Жалпы алғанда, Заңның іске асырылуы экстремизм мен терроризм қатерлерін бейтараптандыруға бағытталған құқықтық шаралар тиімділігінің кепілдігін арттыруға, жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғауды сапалы жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.