You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурордың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтіп, онда қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын-алудың өңірлік бағдарламаларының орындалу мәселелері талқыланды.

Жиналыс жұмысына Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары, бейнеконференциялық байланыс арқылы облыс прокурорлары, облыстық ішкі істер департаменттерінің басшылары, әкімдердің орынбасарлары қатысты.

Кеңесте аталып өтілгендей, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы, еліміздегі қылмыстық ахуал қылмыс профилактикасының тиімділігінен тәуелді болып табылады. Бірақ та, жүргізілген тексерулердің қорытындылары қылмыс пен құқық бұзушылық профилактикасының өңірлік бағдарламалары тиісті деңгейде орындалмай отырғанын көрсетеді. Көптеген облыстардың бағдарламаларында мемлекеттік органдарды профилактикалық жұмыстардың нақты нәтижелеріне жетуге бағыттайтын мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштер жоқ. Осының салдарынан жүргізіліп отырған профилактикалық іс-шаралар заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйіне тиісті әсерін тигізе алмайды, қылмысқа тосқауыл қою бойынша сәйкес шаралар қарастырылмаған. Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы тәрізді құқық бұзушылық профилактикасының маңызды бөлшегі жеткілікті деңгейде пайдаланылмайды. Атқарушы органдар мен ішкі істер органдары арасындағы осы жұмыс бойынша өзара іс-қимыл және үйлестіру мәселелері тиісті деңгейде болмай отыр.

Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға қылмысты ескертудің тиімділігін арттыру, оларды жасауға септігін тигізетін себептер мен жағдайларды анықтау және жоюға бағытталған үйлесімді және мүдделі шаралар кешенін дайындау міндеті жүктелді. Атап айтқанда, құқық бұзушылық профилактикасының өңірлік бағдарламаларының толыққанды орындалуына тиісті ведомстволық бақылауды қамтамасыз ету қажеттілігі, жүргізіліп отырған іс-шаралар мазмұнын қайта қарау, профилактикалық жұмыстың қазіргі заманға сай әрекет етуші әдістерін енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Сондай-ақ кәмелетке жасы толмағандардың арасында, қоғамдық орындарда, мүліктік қылмыстар саласында профилактикалық жұмыстардың белсенділігін арттыру ұсынылды.

Прокуратура органдарына өңірлік бағдарламалардың тиісті деңгейде орындалуына қадағалауды күшейту, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша уәкілетті органдардың қызметін үйлестіруді арттыру тапсырылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz     twitter.com/#!/GenProkRK    facebook.com/GenProkRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.