You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылғы 27 қаңтар)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда 2012-2013 жылдардағы Астана қаласы мен Ақмола облысын қоса алғандағы қылмысқа қарсы күрестің, қоғамық тәртіпті күзету және қылмыстың ашылуын арттыру бойынша уәкілетті органдардың қабылдап отырған шараларының тиімділігі мен заңдылығының жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

Жиналыс жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаров, Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Астана қаласы және Ақмола облысының әкімдері, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, құқық қорғау органдарының жауапты қызметкерлері, бірқатар министрліктер мен водомстволардың жетекшілері қатысты.

Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету құқық қорғау органдары қызметін бағалаудың негізгі өлшемі, билік органдарына деген азаматтар сенімінің маңызды шарты болып табылады. Осыған орай, жиналыстың күн тәртібі Президенттің өткен жылғы қарашада Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі жиналыста берген жеке тапсырмасына сәйкес қалыптастырылған, - деді Бас Прокурор, сол жиналыста Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіпті күшейту және қылмыстың ашылуын арттыру міндетін қойған болатын.

Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп уәкілетті органдардың қылмыс профилактикасы, қоғамдық қауіпсіздікті және қылмыстың ашылуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіп отырған жұмыстарын талдады. Тексеру барысында анықталғандай, қылмыстылықтың өсімі динамикасы жағдайында уәкілетті органдардың қызметінде жүйелі проблемалар мен олқылықтар орын алған.

Есепке алу-тіркеу тәртібінің күшейтілуіне байланысты еліміздегі тіркелген қылмыстар саны айтарлықтай өсті.

Атап айтқанда, Астанада қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған құқыққа қарсы әрекеттер саны өсті. Ауыр қылмыстардың артуы байқалады.

Жиналыста аталып өтілгендей, құқық бұзушылықтың профилактикасы мен қылмысқа қарсы күрес бойынша уәкілетті қызметтердің жұмысын тиісті ұйымдастырмау қалыптасқан жағдайдың басты алғышарттары болып отыр. Қылмыс профилактикасының өңірлік бағдарламалары нақты мақсаттық индикаторлар және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштерін қажет етеді. Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы тәрізді құқық бұзушылық профилактикасының маңызды бөлшегі жеткілікті түрде қолданылмайды.

Ішкі істер министрі уәкілетті органдардың құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша қабылдап отырған шаралары, қылмыстарды ескерту және ашу бойынша орын алып отырған проблемалар туралы баяндады.

Ведомство басшысының баяндамасын талқылау барысында Бас Прокурор құқық тәртібін күшейту, қылмысты ескертудегі түбегейлі жаңа ұстанымдарды әзірлеу мәселелері бойынша құқық қорғау және атқарушы органдар арасындағы тиісті өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажеттілігін көрсетті.  Профилактика жүйесінде қылмыстық әрекеттерді әлеуметтік-құқықтық ескерту шаралары басым болуы тиіс.

Ол үшін, ең алдымен, жастар арасындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді кешенді түрде шешуге, профилактикаға күш-жігерді шоғырландыру қажет. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрлігіне білім беру мекемелерінде білім алушылардың арасындағы тәрбие жұмысына деген ұстанымдарды қайта қарау қажеттілігі көрсетілді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына жастарды жұмысқа орналастыру, әсіресе, ауылдық жерлердегі олардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелерін уақтылы шешу, Мемлекет басшысының азаматтардың еңбекпен қамтылуына барлық қажетті жағдайды жасау туралы тапсырмасын тиісінше орындау міндеті қойылды.

Астана қаласының Әкімі И.Тасмағамбетов өзінің баяндамасында атап өткендей, қаладағы құқық тәртібімен және қауіпсіздікпен байланысты мәселелер жүйелі деңгейде шешілуі тиіс. Осыған орай, ол елордадағы қылмыстылық деңгейіне әсер ететін белсенді көші-қон үдерістерімен, жол-көлік оқиғаларының өсуімен байланысты теріс факторларға жиналысқа қатысушылардың назарын аударды. Әсіресе, жастар саласындағы жүйелі және бірізді жұмыстың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, елордаға тұрақты тұруға келетін азаматтарды тіркеу тәртібін реттеу, сондай-ақ түзету мекемелерін қала шекарасының сыртына көшіру мүмкіндігі мәселелерін талқылауға ұсынды. 

Жағдайды тиянақты талдау, мерзімі жеткен проблемаларды шешу жолдарын талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі қоғамдық тәртіпті күзетудің тиісті жағдайын қамтамасыз етуге, елорда тұрғындарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың тиімді жүйесін құруға, қылмыспен күресті күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірледі.

Атап айтқанда, учаскелік инспекторлардың, патрульдік қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыру, қызметкерлердің штаттық санын арттырудың ғылыми негізделген нормативін әзірлеу қажеттілігі, оларды жұмыс барысында алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар мен мәліметтер базасын пайдалануға мүмкіндік беретін қажетті техникалық құралдармен және материалдық базамен қаматамасыз ету осы жұмыстың басым бағыттарының бірі ретінде танылды.

Кәмелетке жасы толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты ескерту, ұрланған заттарды өткізуді анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Мысалға, ұялы телефондар ұрлығының ашылуын артыру үшін ІІМ жүйесінде ұрланған телефондар IMEI-коды мәліметтерінің базасын қалыптастыру мүмкіндігін зерделеу ұсынылды.

Қаланың барлық көшелері және адамдардың көп шоғырланатын орындарына сапалы бейнебақылау жүйесін орнатудың өзекті проблемасы кезексіз шешілуін қажет етеді. Сондай-ақ ішкі көші-қон, жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын барлық адамдар мен ұйымдарды тіркеуге алу саласын тәртіпке келтіру міндеті қойылды.

 Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қ.Қожамжаров ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризм көріністеріне, заңсыз көші-қонға тосқауыл қоюдың тиісті жүйесін құрудың өзектілігін атап көрсете отырып, Үйлестіру Кеңесінің мүшелері айтқан ұсыныстарды қолдады. Ол сондай-ақ стратегиялық объектілердің және қаланың өмірін қамтамасыз етуші объектілердің, қоғамдық орындардың қауіпсіздігін күшейту, азаматтарды қоғамдық тәртіпке кеңінен тарту қажеттілігін атап көрсетті.

Бас Прокурор прокуратура органдарына құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметін тиісті үйлестіруді қамтамасыз ету, қылмыс профилактикасы, оны ашу және тергеу бойынша жедел жұмыстың жағдайына қадағалауды күшейту тапсырылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.