You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз-хабарламасы (Астана қ., 29 қараша 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы болды, онда құқық қорғау органдары жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін ұстануы мәселелері талқыланды.

Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Отырыста құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері көтерілді, кадр бөлімшелері мен өзіндік қауіпсіздік қызметтері жұмыстарындағы орын алған елеулі олқылықтар және кемшіліктер талқыланды.

Бас Прокурор атап өткендей, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының әрбір фактісі бүкіл құқық қорғау жүйесінің беделіне теріс әсерін тигізеді, халықтың оларға деген сенімдерін төмендетеді. Сондықтан, әрбір ведомство осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуге, өз қатарларын тазартуға шешуші және қатал шаралар қабылдауға міндетті.  

Мәселен, ағымдағы жылдың 10 айында құқық қорғау органдарының қызметкерлері 431 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған. Олардың ең көп саны ішкі істер және кеден органдарының қызметкерлеріне тиесілі.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері қалыптасқан жағдайларға принципті және объективті баға берді, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы себептеріне, осындай қылмыстарды жасауға ықпал ететін жағдайларға талдау жасады.

Талқылаудың қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу және олардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды қамтамасыз етуге шақыратын шараларға бастамалар жасалды. 

Үйлестіру кеңесі профилактикалық жұмыстарды күшейтуге, сыбайлас жемқорлық қылмыстары көріністерін анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі жұмыстардың нәтижелілігін арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етуге бағытталған шешім қабылдады. 

Бас прокуратураның Баспасөз-қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.