You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің жиналысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 13 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтіп, онда мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы заңдылықтың жай-күйі мәселелері қаралды.

Отырыс жұмысына Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, ішкі істер, мұнай және газ, әділет, көлік және коммуникация министрліктерінің жетекшілері қатысты.

Бас Прокурор атап өткендей, мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы еліміздің экономикалық мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіріп, экологиялық қауіпсіздікке едәуір қауіп төндіреді. Қылмыстардың ауқымы туралы Бас прокуратураның осы саладағы заңдылықтың жай-күйіне өткізген тексерістерінің қорытындылары да дәлел болып отыр.

Прокурорлар мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымының өсуіне алып келетін өндірілетін шикізат пен оның айналымының көлемін есепке алумен байланысты бірқатар проблемалық мәселелерді анықтады. Салалық министрліктің жұмысы жеткілікті түрде тиімді емес, осы саладағы қылмыстарды анықтау және тергеу бойынша құқық қорғау және салық органдарының жұмыстары да айтарлықтай сын туғызады.

Шикізаттың өндірілуі мен сатылуы туралы анық және сенімді мониторингтің болмауы салдарынан республикалық бюджетті толықтыруға айтарлықтай қосымша қор болуы мүмкін мұнай және мұнай өнімдерінің едәуір бөлігі қылмыстық топтардың оңай олжасына айналып отыр. 2011-2012 жылдары «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақмыс Петролеум» ЖШС және т.б. тәрізді ірі шикізат өндірушілерінен негізгі өндіруші зауыттарға түскен 33 мың тоннадан астам мұнай есепке алынбай қалған. Ал қазақстандық кен орындарында өндірілді деп есептелінген 168 мың тоннадан астам шикізат экспорттық ағындар арасында да, мұнай өндіруші зауыттардың есеп берулерінде де көрініс таппаған.

Өткен жылы еліміздің мұнай құбырларында 37 заңсыз ойықтар жасау тіркелген, 23 қылмыстық іс қозғалды. Тек соңғы жарты жылда Ақтөбе облысының прокуратурасы құны 3 млрд. теңгеден асатын 20 мың тоннадан астам мұнайды заңсыз экспорттау фактісі бойынша 4 қылмыстық іс қозғады. Батыс Қазақстан облысында 8,5 мың тонна мұнай айырып шығарылған мұнайдың қалдығы түрінде  Украинаға жіберілген, мемлекеттік бюджетке түспеген салық сомасы 174 млн. теңгені құрады. Осындай ұрлық схемалары Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында да анықталды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері атап өткендей, мұнай және мұнай өнімдері айналымын мемлекеттік реттеу жүйесінің қанағаттанарлықсыз жағдайы, ведомстволық бақылаудың және құқық қорғау органдары мен мұнай ұрлығына қарсы күрес бойынша уәкілетті құрылымдардың арасындағы тиісті өзара іс-қимылдың болмауы құқық бұзушылық пен қылмыстар жасаудың негізгі алғышарттары болып табылады.

Жағдайды мұқият талдау және проблемаларды шешудің жолдарын талқылау нәтижесімен Үйлестіру кеңесі мұнай өндірісіне мемлекеттік бақылауды қатаңдату, мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту, мұнай және мұнай өнімдерін ұрлаумен байланысты қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесудің тиімді тетіктерін жасауға бағытталған нақты ұсыныстар әзірледі.

Осыған орай Бас Прокурор мұнай қорлары нарығының ашықтығы мен заңдылығын арттыруға, теріс пиғылды өндірушілер мен жеткізушілерді жоюға, көлеңкелі мұнай нарығын азайтуға бағытталған мұнай өндірісі мен айналымының бірыңғай ақпараттық жүйесін жетілдірудің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Бас прокуратура анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы Республика Үкіметінің атына ұсыныс енгізді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.