Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты

30 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Имановтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Үйлестіру Кеңесінің отырысында жалған кәсіпкерлік дерегі бойынша қылмыстарды анықтау, жолын кесу және болдырмау мәселелері талқыланды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бері осындай 26 қылмыс орын алған, соның нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 7,7 млрд. теңге залал келтірілген.

Мәжіліс қорытындысымен әділет, қаржы полициясы, салық комитетінің облыстық бөлімшелеріне, банк мекемелеріне экономикалық сипаттағы  қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша, соның ішінде жаңа технология түрлерін қолдана отарып жұмыс сапасын арттыру тапсырылды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу