You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылдың 27 наурызы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтіп, онда құқық қорғау және арнайы органдардағы жедел-іздестіру қызметінің тиімділігі мәселелері талқыланды.

Кеңестің жұмысына Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Жоғарғы Соттың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Кедендік бақылау комитетінің басшылары қатысты.

Жиналыста аталып өтілгендей, соңғы жылдары жедел-іздестіру қызметі саласындағы заңдылықты нығайту, оның қылмыспен күрестегі тиімділігін арттыру бойынша едәуір ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды. Уәкілетті органдардың жедел бөлімдерінің күш-жігерімен 29 террористік актінің алды алынды, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 400-ге жуық қатысушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды, екі мыңға жуық аса ауыр қылмыстар ашылды.

Сонымен қатар, жедел қызметкерлердің кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, олардың коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді прокурордың санкциясынсыз алуының фактілері жалғасуда. Қылмыстарды ашу бойынша іздестіру қызметтері тиісті деңгейде болмай отыр, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау бойынша арнайы іс-шаралардың тиімділігі төмен. Көпшілігі қылмыстың құрбанына айналған болуы мүмкін хабар-ошарсыз жоғалып кеткен азаматтарды іздеумен байланысты проблемалар шешуді талап етеді.

Өткен жылы прокурорлар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында заңсыз жүргізіліп отырған жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтату туралы 460-тан астам қаулы шығарған. Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша қылмыстық қудалау органдарының  үш мыңнан астам лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері – құқық қорғау органдарының жетекшілері, сондай-ақ Жоғарғы Соттың басшылығы жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін тиянақты талдады, қылмыспен күрестің тиімділігін одан әрі арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі жүйесін нығайтуға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі күшейту мен үйлесімді шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап көрсетті.

Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі ұйымдасқан қылмысқа, терроризм және экстремизмге, есірткі бизнесіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруды, ұйымдасқан қылмыстық топ құру үшін жауапкершілікті күшейтуді, қылмыстық қол сұғушылыққа тап болған азаматтарды, сондай-ақ жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздеу тетіктерін жетілдіруді заңнамалық регламенттеуге бағытталған шаралар кешенін қабылдады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.gov.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/Basprokuratura

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.