You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылдың 24 қаңтары)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтіп, онда діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы мәселелері талқыланды.

Кеңестің жұмысына ҰҚК, ЭҚСЖҚКА, Есеп комитеті, ішкі істер, сыртқы істер, әділет, білім және ғылым министрліктерінің, Дін істері жөніндегі агенттіктің басшылары қатысты.

Жиналыста террористік іс-әрекеттің алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың, әсіресе, жастардың  арасында діни экстремизм идеологиясының таралуына тосқауыл қою бойынша тиімді шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын арттыру мәселелері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша терроризмге қарсы күрес қызметін үйлестіру тетіктерін жетілдіруге, жұмыстың жаңа әдістері мен тәсілдерін қабылдауға, азаматтар мен қоғамды діни экстремизмнің болуы мүмкін қауіптерінен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған келісілген шешімдер қабылданды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/GenProkRK

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.