You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз баяны (Астана қ., 27 желтоқсан 2016ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалық етуімен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғимаратында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

2016 жыл бойынша құқық қорғау органдары жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы мәселелері талқыланды.

Кеңес жұмысына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі консультативтік кеңестің мүшелері қатысты.

Отырысты ашқан және «Кәсіби аппарат құру» бойынша президенттік реформаның маңыздылығын атап өткен Жақып Асанов бұл бағытта құқық қорғау органдары орасан зор жұмыс жүргізіп отырғандығын ерекше атап өтті. «Өз қатарларымыз» тазаруда.

Дейтұрғанмен, құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа бәрінен бейім күйінде қалып отыр. Жыл сайын қызметкерлер 200 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасайды.

Қаңтардан бастап Әдеп кодексі қолданысқа енгізіледі, ол қоғамның сенімін нығайтуға және әдептен тыс мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған. Осы уақыт ішінде 750-ден астам қызметкер жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған (қызметтен тыс байланыстар орнатқаны, мас күйінде автокөлік басқарғаны, қызметтік тәртіпті бұзғаны, әдептен тыс мінез көрсеткені үшін).

Агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров сөйлеген сөзінде қоғамдық санада заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету әрқашан құқық қорғау органдарының қызметімен байланысты ұғынылатындығына назар аударды. Азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі Конституциядан туындайтын тұжырымдамалық міндеттерді шешу жолында, әрбір қызметкердің базалық бағдары кәсібилік пен мінсіз абырой болуы тиіс.

Офицерлер әдеп қағидалары мен қабылдаған антына адал болудың үлгісі болуға міндетті.

Құқық қорғау органдары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы Талған Татубаев пен Бас прокуратура Кадр жұмыстары департаментінің бастығы Александр Огай баяндады. 

Ұлтбюро басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп әзірленген Жол картасының таныстырылымын жүргізді, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен оның алдын алудың тиімді жүйесін құруды, өз қатарларында әдеп стандарттарын сақтауды көздейді.

Кеңес қорытындысы бойынша Жол картасы мақұлданды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.