You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2016 жылғы 4 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда алименттерді өндіру бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.

Кеңес жұмысынаПарламенттіңСенат және Мәжіліс депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің және Бас Прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Консультативтік кеңестің мүшелері, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста алғаш сөз алған Бас Прокурор осы мәселенің өзектілігін және теріс динамикасын атап өтті. Бүгін Қазақстанда 32 мыңға жуық бала мемлекеттік балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Олардың 70 %-ның ата-аналары бар. 4 млн., отбаслардың әр 8-шісі– толық емес, не әке жоқ, не шеше жоқ.

5 жылдың ішінде 200 мың отбасы немесе әрбірүшінші неке бұзылған.Әр бесінші бала некесіз туған. 350 мыңнан астам бала өзін тастап кеткен ата-анасына ақшалай тәуелді болып отыр. Алимент бойынша қарыз 2 млрд. теңгегежуықтады.

Жақып Асанов соңғы үш жылда 13 мың борышкердің құқықтары шектелгенін атап өтті. Алайдабұл шаралар жағдайды жақсартқан жоқ.

Сондықтан Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасынәзірледі. Оның мақсаты – балалардың пайдасына алименттерді өндірудің тиімді жүйесін құру.

Жобаны іске асыру шеңберінде заңнамалық деңгейде алимент мөлшерін белгілеу тәртібін қайта қарау, мәжбүрлі жұмыс түріндегі жаңа қылмыстық жаза түрін енгізу, мемлекеттік қызмет көрсетулерді алуға шектеу шараларын арттыру ұсынылды.

Ұсынылып отырған шаралар баланың мүддесін қорғауға және   борышкердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

 Неке бұзу процестерінде психолог-медиаторлардың қатысуларын көздеу, бірлескен қамқорлық институттарын енгізу ұсынылды.

Сондай-ақ, алынған алименттерді жұмсауды әлеуметтік қызметтің бақылауына алу институтын енгізу мәселесін пысықтау ұсынылды.Борышкердің өндіріп алушыға мүлкін беру арқылы алименттерді төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Жиын соңында Бас Прокуратура Әділет, Ішкі істер министрліктерімен, Жоғарғы Сотпен және басқа да мемлекеттік органдармен алименттерді төлеу бойынша проблемалы мәселелерді түбегейлі шешуге бағытталған 30 шара бекітілді.

Бас прокуратура баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.