You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Жиында халықаралық «EXPO-2017» көрмесін дайындау және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Президент Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволардың, елорда әкімдігінің жауапты лауазымды тұлғалары, сонымен қатар ұлттық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысты аша отырып, Бас Прокурор күн тәртібіндегі мәселенің және алдағы іс-шараларға қатысты қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Астананы таңдау – бұл Қазақстанға және ең алдымен біздің Президентімізге деген жоғары сенімнің белгісі. Мұндай дәрежедегі іс-шараларды заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып жоспарлау қажет. Бұл біздің құқық қорғау жүйеміз үшін маңызды сын болмақ. Қауіпсіздік деңгейінен тек көрменің сәтті өтуі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің имиджі де тәуелді болмақ», - деді Жақып Асанов.

Осы орайда Бас Прокурор ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, елордада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің заманауи жүйесін орнату, осы саладағы озық шет елдік тәжірибені пайдалану қажеттігін атап көрсетті. 

Соның ішінде тексеруден өткен сенімді қауіпсіздік жүйелерін енгізу, смарт-технологиялар мен IT-шешімдерді кеңінен пайдалану ұсынылды.

 «ЭКСПО-2017». Сіздің қауіпсіздік анықтамалығыңыз» атты мобильдік қосымша қауіпсіздік құралдарының бірі ретінде болуы мүмкін. Мұнда жол сызбасынан бастап жедел қызметтердің шұғыл желі телефондары мен дереу кері байланыс каналына дейінгі ЭКСПО-ға қатысты барлық қажетті ақпараттар жинақталады.

Азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысуы құқық бұзушылықтардың алдын алудың әсерлі құралы болып танылды. Профилактиканы және ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жандандырудың маңыздылығы аталып өтілді.

Талқылау нәтижесі бойынша көрме объектілерін және тұтас қала инфроқұрылымын қылмыстық әрекеттерден, соның ішінде террористік қауіптен қорғауға, көрмеге қатысушылар мен келушілердің қауіпсіздігін арттыруға, елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға  бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешені қабылданды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.