You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

14 шілдеде Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесі мен EXPO көрмесін дайындау және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды қабылдауға арналған Ведомствоаралық комиссияның бірлескен отырысы өтеді.

Күн тәртібіне ««EXPO 2017» кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл» мәселесі қойылады.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Астана қаласының әкімі, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволардың, елорда әкімдігінің жауапты қызметкерлері, сонымен қатар ұлттық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.

Отырыста EXPO көрмесін дайындау және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын, соның ішінде көрме объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу мәселелерін, өткізілетін іс-шаралардың техникалық қамтамасыз етілуі, сонымен қатар елордадағы қылмыстылық ахуалы мен жолдардағы апаттылық мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Іс-шара туралы БАҚ-та жариялау үшін журналистер шақырылады.

Өткізілетін орны: Астана қ., Орынбор к-сі, 14, Бас прокуратура ғимараты.

Басталуы сағат 11.00-де.

Тіркеу 7172049@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ Бас прокуратура Астанадағы қауіпсіздік мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерттеуде. Сәйкес сауалнама Бас прокуратураның сайтында жүргізілуде  (http://prokuror.gov.kz), онда сайтты пайдаланушылар аталған сұрақтар бойынша өз пікірін білдіре алады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Байланыс телефоны: 71-27-66

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.