You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысындағы Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың сөйлеген сөзі (2016 жылдың 14 сәуірі)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

No Adobe Flash Player installed. Get it now.

Аудиозапись выступления Генерального Прокурора

Мемлекет басшысы экономикалық қауіпсіздікті дамыған және тұрақты экономикасы бар қоғам құрудың басты шарттарының бірі деп анықтаған болатын.

Көлеңкелі  экономикаға, әсіресе оның ең қауіпті көрінісі болып табылатын жалған кәсіпкерлікке қарсы әрекет мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектісі болып табылады.

Уәкілетті органдардың бұл саладағы соңғы бес жылдағы (2011-2015) жұмыс қорытындысы анықталған жалған кәсіпкерлік фактілерінің өсімімен сипатталады.

Анықталған қылмыстар саны алты есеге өскен. Атап айтқанда, 2011 жылы 438 қылмыс, ал өткен жылы 2626 қылмыс тіркелген.

Қылмыстардың ең көп тіркелуі 2015 жылы байқалған, бұл көрсеткіш Мемлекеттік кіріс комитетінің құрылуымен және қылмыстық қудалаудың жаңа тәртібімен байланысты.

Тіркелудің өсу қарқыны биылғы жылы да сақталған. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жалған кәсіпкерлік бойынша 628 қылмыс тіркелді, ал өткен жылдың осындай кезеңінде 261 қылмыстық іс болған еді.

Жұмыс белсенділігінің артқанына сот статистикасы да дәлел бола алады. Соңғы бес жылда жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың саны екі есеге өскені байқалады (2011 жылы 47-ден 2015 жылы 110-ға дейін).

Тұтастай алғанда мұның барлығы уәкілетті органдардың белсенді жұмыстарының дәлелі.

Дегенмен жалған кәсіпкерлік еліміздің экономикасына едәуір залалын тигізуде.

Соңғы бес жылда аяқталған істер бойынша анықталған залалдың жалпы сомасы 242 млрд. теңгеден астам қаржыны құрады. Оның үстіне залал мөлшері жылдан жылға өсіп келеді.

2011 жылы анықталған залал көлемі 27,7 млрд. теңгені құраса, 2015 жылы 85,5 млрд. теңгеге дейін жетті. Сонымен қоса өтелген залал орташа есеппен 7 пайыздан (16,2 млрд.) аспайды, ал 2015 жылы 1,2 пайызды (1,027 млрд.) ғана құрады.

Бұл сандар еліміздегі жалған кәсіпкерліктің нақты зардаптарын көрсетпейтіндігін атап өткен жөн.

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, соңғы бес жылда кәсіпкерлер 15 трлн.-нан астам теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған, тіпті бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

Қылмыспен күрес қылмыс жасалып, залал келтіріліп және ақша жымқырылып болғаннан кейін ғана жүргізілетінін мойындау қажет. Ол күрес тек қылмыстық-жазалау шаралары арқылы жүргізіліп жатыр, сондықтан да залалдың өтелуі өте төмен деңгейде.

Уәкілетті органдар алдын алу тетіктерін мүлдем қолданбайды.

Қылмыстық істердің материалдарымен анықталғандай, жекелеген екінші дәрежелі банктер заңсыз алынған табыстарды заңдастыру әрекетіне қарсы заң талаптарын елемеу фактілері орын алған.

Мысалы, Центр Кредит банкі 77 млрд. теңгені қолма-қол ақшаға аударған, бірақ бұл мекеме бірде-бір рет күдікті операцияларды тоқтату мәселесіне бастамашылық етпеген.

Өткен жылды екінші дәрежелі 28 банктің 8-і ғана Қаржы мониторингі комитетіне күдікті операциялар жайлы хабар берген.

Сол уақыт аралығында Қаржы мониторингі комитеті жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгені қолма-қол ақшаға айналдырмақ болған 106 күдікті операцияны ғана тоқтатқан. Бұл ретте тек Мемлекеттік кіріс комитетінің материалдары бойынша ғана аталған кезеңде есеп-шоттардан 136 млрд-тан астам теңге алынған.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кіріс комитетінің өзінде өзара әрекет ету тұрғысында проблемалар орын алған. Салық комитеті мен қаржы полициясының біріктірілген қызметінің мүмкіндіктері толық көлемде іске аспай жатыр.

Мысалы, прокурорлар іріктеп тексеру барысында Қаржы мониторингі жөніндегі  комитеттің СДТБТ-ге тиісті салық тексерісінен өтпеген залал келтіру немесе контрагенттердің салық төлеуден жалтарту мәселелері бойынша 89 хабарламаны тіркеу фактілерін анықтаған. Хабарламаларда күдікті операциялардың нышандары ғана бар делінген.

Контрагенттерге қатысты жұмыстар әлсіз жүргізіліп жатыр. Өткен бес жылда жауапқа тартылған контрагенттердің саны 7-ден (2010 жылы) 400-ге (2015 жылы) дейін өскеніне қарамастан, іс жүзінде олардың саны бұдан бірнеше есе көп болуы қажет. Себебі әр жалған кәсіпорынның жүздеген контрагенттері бар. Осындай қылмыстық әрекеттерден дәл солар ең үлкен пайда табады.

Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігіне әсер ететін өзге де факторлар бар. Жалған кәсіпкерлікпен күрес тек қылмыстық-құқықтықтық шаралармен шектелмеуі тиіс. Салық төлеуден жалтарудан пайда табуды болдырмайтын заңнамалық шаралар кешенін қабылдау қажет.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.