You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті, онда жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қабылдап отырған шаралары, өзара әрекеттесу тиімділігі және заңдылығының жай-күйі мәселелері талқыланды.

Жиынға Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Жоғарғы сот өкілдері, құқық қорғау, арнайы және өзге де орталық атқарушы органдардың жауапты лауазымды тұлғалары қатысты.

Отырыс барысында Бас Прокурор күн тәртібінің ерекше өзектілігін атап өтті. Бюджеттік қаражатты ұрлау мен салық төлемінен жалтару мемлекеттің экономикалық негізін едәуір бұза отырып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруде.

Құзіретті органдар заңсыз табыстың түсу жолдарын анықтау және оларға тосқауыл қою бойынша бірізді жұмыстар жүргізуде. Кейінгі бес жылда жалған кәсіпкерлік фактілерін анықтаудың тұрақты өсу серпіні байқалуда. Атап айтқанда, 2011 жылы 438 қылмыс, ал өткен жылы 2626 қылмыс тіркелген. Ағымдағы жылдың екі айы ішінде жалған кәсіпкерлік туралы 628 қылмыстық іс тіркелді, ал өткен жылдың осындай кезеңінде 261 қылмыстық іс болған еді.

Дегенмен, А.Дауылбаев атап өткендей, жүргізіліп отырған жұмыстардың тиімділігіне Мемлекеттік кіріс комитетінің уәкілетті қызметтерінің жеткіліксіз үйлестірілуі мен келісімсіз әрекеті және банк мекемелері тарапынан қаржы операцияларына қатысты тиісті бақылаудың болмауы кедергі жасап отыр. Қылмысты алдын-ала ескертудің тетіктері нашар қолданылады, соның салдарынан заңсыз табысты жылыстатудың қылмыстық жолдары орын алған соң ғана анықталады. Соңғы бес жылда аяқталған істер бойынша анықталған залалдың сомасы 242 млрд-тан астам теңгені құрады. Залалды өтеу болса орташа есеппен 7 пайыздан аспайды, ал 2015 жылы небәрі 1,2 пайызды құрады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері Қаржы мониторингі жөніндегі салалық комитеттің күмәнді мәмілелер мен қаржылық операциялар туралы материалдарды жинақтау және талдау бойынша жұмыстарының тиімділігі төмен екенін атап көрсетті.  Осылайша, құзіретті орган өткен жылы тек жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгені қолма-қол ақшаға айналдырмақ болған 106 күдікті операцияны тоқтатқан, ал осы кезеңде қылмыстық істердің материалдары бойынша ғана есеп-шоттардан 136 млрд. теңге алынған.

Екінші дәрежелі банктердің ішкі бақылау жүйелерінің қызметі де көңіл көншітпейді. Соңғы бес жылдың ішінде кәсіпкерлер 15 триллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Бұл ретте екінші дәрежелі 28 банктің 8-і ғана капиталды көлеңкелі айналымға жіберуге қатысты күдікті келісімдер жөнінде құзыретті органдарға хабар берген.

Бас Прокурор экономика саласындағы қылмыстардың үлкен қоғамдық қауіптілігі қаржыны теріс пайдаланудың жолын кесуге және оларды болдырмауға бағытталған кешенді әрі нақты үйлестірілген жұмыстар жүргізуді талап ететінін атап көрсетті.

Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі Мемлекеттік кіріс комитетіне жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша тиісті тергеу жұмыстарын қамтамасыз етуге, қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға аудару мақсаты бар келісімдерді анықтау туралы мекемеаралық ақпарат алмасуды жүргізу бағытында шаралар ұйымдастыруға кеңес берді.

Сонымен қатар активтерді шығару мен салықты төлеуден жалтару жолдарын пайдалану кезінде көзге іліккен сенімсіз ұйымдар мен жеке тұлғалардың «қара тізімін» қалыптастыру және активтеріне шектеу қоя отырып олармен қайсыбір қаржы операцияларын жүргізуге тыйым салу құқығын берудің еуропалық тәжірибесін зерделеу ұсынылды.

Тіркелу барысында заңды кәсіпкерлік қызметті іске асыруға ниеті жоқ тұлғалардың кәсіпорын ашуын тоқтатуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесінің жаңа критерийлерін жасап шығаруға ұсыныс жасалды.

Қаржы мониторингі жөніндегі комитетке екінші дәрежелі банктермен жұмысты күшейту және заң талаптарын бұзғандары үшін жауапкершілікті қатаңдату қажеттілігі туралы нұсқау берілді.

Осыған орай Ұлттық банкке қаржы мониторингін жүргізу ұстанымдарын қайта қарау, клиенттерге тиісті тексеріс жүргізудің тиімді тетіктерін жасау, клиент туралы, соның ішінде қызмет көрсетілетін компанияның активтері бойынша толық мәліметтердің болуын қарастыратын «Өз клиентіңді біл» деп аталатын халықаралық стандарттарды орындау ұсынылды.

Бас Прокурор барлық уәкілетті органдардан алға қойылған міндеттердің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, заңсыз табыстарды жылыстату тәсілдерін анықтау және жолын кесу бойынша профилактикалық және жедел іс-шаралардың нәтижелілігін арттыруды талап етті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.