You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиналысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2015 жылғы 21 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиналысы болып, онда құқық қорғау органдарының жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексін сақтау мәселелері талқыланды.

Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Бас Прокурор күш құрылымдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сыбайлас жемқорлық қылмысының әрбір фактісі барлық құқық қорғау жүйесінің беделіне теріс әсерін тигізеді, оларға халықтың сенімін төмендетеді,-деді ол. Сондықтан әрбір ведомство осы бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет және өз қатарларын құқық қорғау жүйесінің абыройына дақ салған қызметкерлерден тазарту бойынша түпкілікті және қатал шараларды қабылдаулары тиіс.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын тәуекелдерді азайтуға бағытталған жаңа мүмкіндіктердің тиімділігін атап өтті. Олар - құқық қорғау қызметіне орналасудағы полигрофологиялық зерттеуді пайдалану, автоматты түрде адамның қатысуынсыз ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізілімін кеңейту, жеке құрам арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жұмыстың жай-күйіне басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту және т.б.

Талқылау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту және тосқауыл қою бойынша жұмысты жүйелі жүргізуге, мұндай қылмыстарды жасаған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жазасыз қалмайтындығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар ұсынылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.