You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты (2015 жылғы 3 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда қоғамда тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және қолданылып жатқан іс-шаралардың тиімділігі мәселелері қарастырылды.

Отырысқа Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, құқық қорғау және басқа да орталық атқару органдарының жауапты қызметкерлері, бейнеконференциялық байланыс режимінде - облыстардың прокурорлары, аймақтық үйлестіру кеңестерінің мүшелері, облыс әкімдерінің құқық бұзушылықтарға профилактика жасау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қатынасты.

Бас Прокурор атап көрсеткендей, Мемлекет басшысы болмашы құқық бұзушылықтармен де күресе отырып, қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға ымырасыздық таныту жағдайын қалыптастыру туралы тапсырма берген болатын.

Осы тапсырманы орындау аясында ішкі істер органдары қыруар жұмыс атқарды, соның нәтижесінде анықталған құқық бұзушылықтардың саны анағұрлым өсті. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылғы 5 айда  1,5 млн. астам әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркелген, мұның өзі 2014 жылдың (1 000 863) осындай мерзіміндегі көрсеткіштен 55,4 пайызға артық.

Солай бола тұра, осы көрсеткіштердің өзі бұл саладағы заңдылық жағдайының шынайы жайын көрсете алмайды. Президенттің тапсырмалары формальды түрде ғана орындалуда. Прокурорлық тексеру көрсеткендей, елімізде ұсақ құқық бұзушылықтарға ымырасыздық жағдайын қалыптастыру бойынша дәйекті және жүйелі жұмыс жасалып жатқан жоқ. Көптеген құқық бұзушылықтар полиция назарынан тыс қалып жатады. Уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы құрылымдар арасында тиісті өзара іс-қимыл орнамаған.

Соның салдарынан қоғамымызда қалыптасқан ұсақ құқық бұзушылықтарға деген кешірімшіл көзқарастан оңайшылықпен арыла алмай келеміз. Бұған, бір жағынан, құқықтық көзқамандық пен халықтың құқықтық мәдениетінің таяздығының, екінші жағынан, адамдардың тәртіп сақтау органдарына сенбеуінің теріс ықпалы бар.

Қалыптасқан жағдайды талдап, талқылаудың қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған нақты ұсыныстардыәзірлеп ұсынды.

Жиынға қатысушылар атап өткендей, мәдениетсіздік бен бұзақылық мәселелерін  тек жазалау шараларымен ғана шешу мүмкін емес.  Ол үшін, бірінші кезекте, әлеуметтік ортаны өзгертіп, қоғамға қарсы әрекеттердің жасалуына ықпал ететін келеңсіз жағдайларды жою қажет. Жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті құрылымдар адамдардың қауіпсіздігі мен жайлылық салтты қамтамасыз ететін өмірге қолайлы жағдайды қалыптастырулары қажет.

Заңға бағынушылықты насихаттауды жандандыру тағы бір басым бағыт ретінде танылды. Профилактикалық іс-шаралар халықтың барлық бөлігі мен барлық жастағы топтарды қамтуы тиіс. Өскелең ұрпақтың құқықтық тәрбиесіне ерекше назар аудару қажет. Ал құқықтық сананы қалыптастыруда оқу орындары әсіресе маңызды құрал болып табылады.

Бас Прокурор құқықтық көзқамандықтан арылу бойынша жүргізілетін жұмыстарға қоғамның өзі тікелей араласуы қажеттігін баса атап көрсетті.Ол үшін қолда бар ресурстық мүмкіндіктерді – бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет пен әлеуметтік желілерді, еңбек ұжымдарын пайдалану керек.

Сонымен қатар еріктілер мен қоғамдық көмекшілер институтының да маңызы зор. Сондықтан қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтарды тарту сияқты профилактиканың маңызды элементін де барынша пайдалану қажет.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері құқық бұзушыдан өндіріліп алынатын айыппұлдың белгілі бір пайызын құқық бұзушылықтарды ескерту және анықтау ісінде құқық қорғау органдарына белсенді түрде көмектесетін азаматтар үшін ақшалай сыйлық ретінде белгілеу мәселесін қарастыруды ұсынды. Ұсынылып отырған мұндай жаңалықты әлеуметтік желілерде алдын-ала талқылау көрсеткендей, мұндай бастаманы көптеген пайдаланушылар мақұлдап отыр.

Жазаның қолданылмай қалмайтындығы қағидасын қамтамасыз етудің қажеттігіне баса назар аударылды. Жазаланбай қалған әрбір құқық бұзушының бойында жүгенсіздік пен жазасыздық сезімі қалыптасып, ол өз кезегінде, неғұрлым қауіптірек құқық бұзушылықтардың орын алуына теріс ықпал ететіндігін атап көрсетті А.Дауылбаев. Сондықтан полиция органдарының барлық құқыққорғаушылық әлеуетін құқық бұзушылықтарды тиімді ескерту, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту ісіне пайдалану қажет.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.