You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2014 жылғы 10 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы болып, онда есірткі тасымалына тосқауыл қою бойынша уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының проблемалық  мәселелері талқыланды.

Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары,Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты лауазымды тұлғалары, құқық қорғау және өзге де орталық атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жинында аталып көрсетілгендей, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда есірткінің заңсыз айналымы ең өткір мәселелердің бірі ретінде қалып отыр. Бұл ең алдымен ауған есірткісінің тасымалдану дәлізі біздің еліміздің аумағы арқылы өтіп жатқандығымен байланысты.

Мемлекет тарапынан есірткі қылмысына тосқауыл қою жөнінен жүйелендірілген шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, есірткі саудасының жай-жапсарына тиімді және біртұтас мониторинг жүргізу жүйесін құруды және қылмыстық бизнеске тосқауыл қоюды көздейтін Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жүргізудің стратегиясы және оның Салалық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алайда мәселе әлі де өзекті күйінде қалып отыр.

Осылайша, есірткінің заңсыз айналымының көлемі артқан сайын оларды қолға түсіріп, жоюдың деңгейі төмендеп кетті, анықталатын қылмыстардың саны да күрт азаюда. Егер 2011 жылы 4,5 мыңға жуық қылмыс анықталған болса, биыл олардың саны үштен бірге, яғни 3160- қа дейін азайған.

Бас Прокурор құқық қорғау және арнайы органдардың осы бағыттағы жұмыс нәтижелерін бағамдай отырып, есірткі қылмыстарымен күрестің тиімсіз ұйымдастырылғандығын, қылмысты анықтау бойынша жұмыс белсенділігінің төмендеп кеткендігін атап көрсетті. Мемлекеттік шекараның тым осалдығы, шекара және кеден қызметтерінің есірткіні анықтауға қажетті құралдармен нашар жасақталғандығы, бөлінген бюджеттік қаражаттың игерілмеуі және мақсатсыз пайдаланылуы, тиісті ведомствоаралық өзара іс-қимылдың болмауы осндай келеңсіз көріністердің орын алуына ықпал ететін негізгі себептер болып табылады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері атап өткендей, қалыптасқан жағдай проблеманы терең талдауды, есірткі трафигіне қарсы күресте құқықтық құралдарды пайдалану және нақты шаралар қолдану жүйесін жандандыруды қажет етеді. Сондықтан да есірткі тасымалына қатаң тосқауыл қою, жедел-іздестіру қызметінің тактикасын қайта қарау, қылмыстық топтар қызметінің жолын кесу сияқты батыл қадамдар жасауға басты назар аударылуы тиіс.

Кедендік бекеттерді есірткіні нақты анықтауға қажетті сапалы қондырғылармен жабдықтау, мемлекеттік шекараны нығайту шаралары кезек күттірмес міндеттер ретінде белгіленді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне осы мақсаттарға бөлінетін қаражаттың тиісті түрде игерілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ Бас Прокурор трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою, халықаралық есірткі айналымына қатысы бар адамдар жөнінде ақпарат алмасу бойынша шекаралас мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты тереңдетудің өзектілігін атап көрсетті. Бұл тұрғыда Есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі ортаазиялық өңірлік ақпараттық-үйлестірушілік орталығымен тығыз қарым-қатынас орнату – аталған шаралардың жүзеге асуына шынайы септігін тигізбек. Сонымен қатар, өзара құқықтық көмек көрсету шаралары аясында есірткі сатушыларды бірыңғай мемлекетаралық есепке алу базасын құру мүмкіндігін қарастыру мәселесі де талқыланды.

Синтетикалық есірткілердің таралуының алдын алу мақсатында пошталық жөнелтілімдерге бақылауды барынша күшейту, сондай-ақ «Қазпошта» бөлімшелерін инспекциялық тексеру құралдарыменжәне бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету жөнінен ел Үкіметіне тиісті ұсыныстар енгізу ұсынылды.

А.Дауылбаев өңірлік прокурорларға есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша уәкілетті органдардың қызметін тиісті түрде үйлестіруді тапсырды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.