You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2014 жылғы 16 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысы болып, онда 2013 жылы мемлекеттік органдардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстармен күрес бойынша өзара іс-қимылының тиімділігі мен заңдылығының жай-күйі туралы мәселелер талқыланды.

Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, сондай-ақ бірқатар министрліктер мен ведомстволардың басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Жиналысты аша отырып, Бас Прокурор күн тәртібінің ерекше өзектілігін атап өтті. Экономикалық қылмыстар мемлекеттің экономикалық негізін айтарлықтай бұзады, еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне шынайы қауіп төндіреді. Сондықтан уәкілетті органдар қызметіндегі осы саладағы қылмыстарға тосқауыл қою жөніндегі жұмыс жоғары деңгейдегі маңызға ие болып отыр.

Бас прокуратура мен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бірлесіп жүргізген талдау көрсеткендей, уәкілетті органдар экономика саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша дәйекті түрде жұмыс жүргізуде.

Кейінгі үш жыл ішінде экономикалық қылмыстарды анықтауда тұрақты өсу динамикасы байқалады. 2013 жылы 7 165 қылмыс тіркелген, оның ішінде 83%-ын қаржы полициясы органдары, 712 қылмысты ішкі істер органдары анықтаған. Қылмыстан келген зиянның анықталған сомасы 220,9 млрд. теңгені құрады. 102,9 млрд. теңге көлеміндегі зиянның орны толтырылды (2012ж. -  28,2 млрд.). Қылмыстар құрылымында жалған кәсіпкерлік, жалған ақша жасау, экономикалық контрабанда, салық төлеуден жалтару фактілерімен байланысты әрекеттер басым.

Сонымен қатар бұл салада едәуір кемшіліктер мен қолданылмай отырған резервтер бар. Бас Прокурор атап өткендей, жұмыстың тиісті тиімділігіне құқық қорғау және фискалдық мекемелердің әрекетіндегі үйлесімділіктің және келісімді жұмыстың жеткіліксіздігі кедергі келтіреді. Сондай-ақ, салық және қаржы-несие салаларындағы қаржылық теріс пайдаланушылық пен қылмыс көздерін анықтаумен байланысты проблемалар атап өтілді.

Қаржы мониторингі комитетінің күдікті мәміле және қаржы операциялары туралы материалдарды жинақтау мен талдау бойынша жұмыс тиімділігінің төмендігі, сондай-ақ уәкілетті органдардың валютаны шетелден қайтаруды қамтамасыз ету бойынша лайықсыз жұмысы атап көрсетілді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, кейінгі он жыл ішінде Қазақстаннан капиталдың оффшорлық аймақтарға жылыстауы 140 млрд. долларды құраған. Жеке тұлғалар жыл сайын шамамен 1,5 трлн. теңге шығарады, тек 2013 жылы қайтарылмаған валютаның жалпы көлемі 200 млн. долларды құрады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері атап өткендей, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үлкен қоғамдық қауіп төндіретіндіктен, тергеу, бақылаушы және қадағалаушы құрылымдардан қылмыстың тиімді жолын кесу және алдын алуға бағытталған кешенді, анық үйлестірілген жұмысын талап етеді.

Бас Прокурор құқық қорғау және уәкілетті органдардан бірлескен жұмысты жандандыруды, экономикалық қылмыстарға тосқауыл қоюдың түйінді бағыттары бойынша профилактикалық және жедел іс-шаралардың тиімділігін арттыруды талап етті. Басты күш-жігер мемлекеттік қаражатты ұрлаумен байланысты қылмыстарды анықтау мен жолын кесуге шоғырландырылуы тиіс. Жедел қызметтер мен тергеу бөлімшелері қылмыстың жасалуына, оған әсер етуші алғышарттар мен себептерге терең талдау жүргізуге бағытталуы тиіс екенін атап айтты.

Қаржы мониторингі комитетіне ведомствоаралық ақпарат алмасуды жақсарту бойынша шаралар қабылдау, қылмыстық кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру, жалған кәсіпорындар ашумен байланысты күдікті мәмілелерді анықтау және ол туралы құқық қорғау органдарын уақтылы ақпараттандырудың тетіктерін жетілдіру ұсынылды.

Салық органдарына заңды тақырыптық тексерістер болып кеткен кәсіпорындарға тексеріс тағайындауды болдырмау, сондай-ақ  кәсіпорындардың салық міндеттемелерін орындаудан ұзақ уақыт бойына жалтарып жүргендері үшін салғырттық танытқан қызметкерлерге түбегейлі әсер ету шараларын қабылдау тапсырылды.

Шекара қызметіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, Кедендік бақылау комитетіне Кеден одағы аумағына жақын және алыс шет елдерден тауар контрабандалауға тосқауыл қою жұмысын күшейту ұсынылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.