You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2014 жылғы 10 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысы болып, онда мемлекеттік органдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қаматамсыз ету бойынша қабылдап отырған шараларының тиімділігі мәселелері талқыланды.

Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Жоғарғы соттың, ішкі істер, көлік және коммуникация, қаржы, әділет, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары, бейнеконференциялық байланыс арқылы – облыстардың прокурорлары, аймақтық үйлестіру кеңестерінің мүшелері, облыс әкімдерінің жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қатысты.

Бас прокуратураның жол жүрісі қауіпсіздігінің жай-күйіне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізген талдауының нәтижелері көрсетіп отырғандай, жолдардағы апаттылық жағдайы жақсармаған, адам шығынының саны азаймаған.

Статистикалық мәліметтердің динамикасы жол-көлік оқиғаларының өсімін байқатады. Мысалға, 2013 жылы олардың саны 65%-ға артып, 23 мыңнан асып түскен. Апаттардың салдарынан 3 мыңнан астам адам қаза тапқан, соның ішінде 273-і балалар болған, 5000-нан астам баланы қоса алғанда 33 мыңға жуық адам жарақат және зақым алған. Неғұрлым көп жол оқиғалары тіркелген Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында соғұрлым күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Бас Прокурор атап өткендей, профилактикалық жұмыстың тиісінше болмауы, жолдардың нашар жағдайы, жүргізушілердің бекітілген жылдамдық режимін арттыруы, техникалыққауіпсіздіктің талаптарын бұзу жоғары апаттылықтың басты факторлары ретінде болып отыр.

Жиналыста жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі, стихиялық автотасымалдаушыларды жою, жол жүрісі ережесін бұзу үшін жауапкершілікті қаталдату, әкімшілік айыппұлдардың өндірілуі, ЖКО туралы істерді тергеу сапасын арттыру мәселелері көтерілді.

Талқылау қорытындысы бойынша Бас Прокурор уәкілетті органдардан жол жүрісі қауіпсіздігін қаматамсыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жоғары тиімділік деңгейін қамтамасыз етуді, апаттарды ескерту бойынша кезек күттірмес шаралар қабылдауды талап етті.

Халықпен тиісті профилактикалық жұмыс, бұл жұмысқа қоғамдық ұйымдарды белсенді түрде тарту осы жұмыстың маңызды қосымшасы ретінде белгіленді. Ішкі істер министрлігіне жүргізушілерге бейнетіркеуіштерді қондыру және пайдалану тәртібін түсіндіру тапсырылды. А.Дауылбаев атап өткендей, жол жүрісі ережесін бұзу үшін жазаның болмай қалмауы қағидасын қамтамасыз ету, әрбір бұзушының қатаң жауапкершілікке тартылуына қол жеткізу де маңызды болып табылады, сондай-ақ, тергеуге дейінгі тексерулердің материалдары және қылмыстық істер бойынша апат жағдайын зерттеудің толықтығын қамтамасыз ету қажет. Жол жүрісі қауіпсіздігін қаматамсыз ету мақсатында енгізілген ұйғарымдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, ал оларды орындамау фактісі анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау қажеттілігі атап көрсетілді.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері жолдардағы апаттылықты азайту, қауіпсіз жүріске жағдай жасауға бағытталған шаралар кешенін ұсынды. Осы мақсаттарда ең алдымен автожолдардың апаттық тұрғыда неғұрлым қауіпті учаскелерін анықтау, бұл үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет әзірлеген Апаттылықтың электрондық картасын кеңінен пайдалану, жол жабынының сапасын арттыру, көшелер мен жолдарды жол жүрісін қадағалаудың қазіргі заманғы интеллектуалдық жүйелерімен жаппай жабдықтау қажет деп танылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.