You are here

Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2 қазан 2013 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Бас прокуратураның Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің қылмыстық құқық пен қылмыстық процесті жетілдіру, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған кезекті отырысы болып өтті.

Отырыс барысында Бас прокуратура әзірлеген кодекстердің жобалары аясында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жаңғыртудың маңызды бағыттары жан-жақты талқыланды.

Жаңа қылмыстық-құқықтық институттар ашу, сотқа дейінгі іс жүргізуді жеңілдету, қылмыстық процесс тәжірибесіне жаңа үлгілер енгізу мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, қылмыстық теріс қылық сияқты заңға қайшы әрекеттер санатын енгізу, тергеу судьясы институтын енгізу, қылмыстық жаза жүйесін қайта қарау, бас бостандығынан айырудың балама шараларын қолданудың аясын кеңейту, киберқылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдату және басқа мәселелер бойынша қызу пікірталас болып өтті.

Отырысқа қатысушылар атап көрсеткендей, ұсынылып отырған жаңашыл бағыттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қоғамдық қауіпті қатерлерден қорғаудың сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз етуге, қылмыстық процесті айтарлықтай жеңілдетуге және жылдамдатуға, қылмыстық заңнаманы қалыптасқан халықаралық өлшемге барынша жақындатуға бағытталған.

Сондай-ақ, белгілі қоғам қайраткерлерінен, депутаттық корпустың, ғылыми қоғамдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен тұратын Қоғамдық кеңес мүшелері терроризмге қарсы тұрудың мемлекеттік жүйесінің тиімділігін арттыруға, діни экстремизм профилактикасын күшейтуге, қоғам мен мемлекетті террористік қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы ұсыныстарын білдірді. Бұл ұсыныстарды мемлекеттік органдардың өкілдері мақұлдап және оған қолдау білдіре отырып, терроризмге тосқауыл қоюда мемлекеттік саясаттың қол жеткізетін жетістігі ең алдымен мемлекет пен қоғамның бірлесе және келісе отырып іс-қимыл жасасуына байланысты екендігін атап көрсетті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.