You are here

Заң керуені - құқықтық көмек көрсету және туындаған мәселелерді шешу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің «Заң керуені» - «Караван Закона» атты жыл сайынғы кең көлемді акцияны өткізді. Акция Семей қаласының елді мекендерін, Бесқарағай және Бородулиха аудандарын қамтыды. Акцияның мақсаты – қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және және туындаған мәселелерді шешу болып табылды. 

Қоғамда жер заңнамасының өзгертілуіне байланысты мәселелерді қызу талқылауына байланысты аталған аумақтың халқына жер заңнамасының нормаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер заңнамасының жеке нормаларының қолданылуына мораторий енгізу туралы» Жарлығын түсіндіруге баса назар аударылды.

Прокуратураның, әкімдіктердің қызметкерлерінен, полицияның учаскелік инспекторларынан құрылған ұтқыр топ Бородулиха мен Бесқарағай аудандарының барлық ауылдық округтеріне барды. Ұтқыр топ Семей қаласының  барлық жоғары оқу орындарына, ірі сауда кешендеріне, базарларға, адамдар көптеп жиналатын көшелерге, сондай-ақ, қаланың қолайсыз аудандарына барды.

Тұтас алғанда акция 63 елді-мекенде өтті, 4 мыңдай адам қамтылды, жедел тәртіпте азаматтарды толғандыратын сұрақтарға 364 ауызша түсініктеме берілді, 3 талап-арыздың  жобасы дайындалды, Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университеті студенттерінің тұрмыстық жағдайын шешуге көмек көрсетілді. Азаматтардан 90 жазбаша арыздар қабылданып, олар қазіргі уақытта қаралуда.

Талдау көрсеткендей, келіп түскен арыздар мен сұрақтардың көбінде азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу, жер учаскелеріне құқық орнататын құжаттарды рәсімдеу, тұрғын-үй алуға кезекке тұру, алменттерді, жалақы бойынша берешектерді өндіру, саяжайларды электр қуатымен қамту және т.б. мәселелерді қозғаған.

Мысалы, Ақбұлақ ауылының тұрғыны А.Сәрінжіпов ауыл шаруашылығы малдарының өнімдерін сатумен айналысатын шаруа қожалықтарына ығғайлы болу үшін түнгі уақытта ветеринарлық анықтама алу мәселесін көтерді. Оған ветеринарлық анықтамаларды беру бойынша мемлекеттік қызмет  - мемлекеттік қызмет стандарттарымен реттелітіні және оған сәйкес, ветеринарлық анықтамалар түнгі уақытта берілмейтіні түсіндірілді.

А.Әбдірахманованың сот шешімін орынау үшін уақыт беру туралы арызына сотқа тиісті талап-арыз дайындауға көмек көрсетілді.   

Семей қаласының Степное ауылының тұрғындары орта мектептің жоқтығы, бағдарлық автобустардың тұрақты жүрмеуі, полицияның тірек пунктінің жоқтығы жөнінде мәселе қозғады.

Сондай-ақ кейбір ауылдарда ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болуда.

Акция барысында тұрғындарға Президенттің жер заңнамасының жекелеген нормаларының қолданылуына мораторий енгізу туралы жарлығын түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Қосымша зерделеу және тексеру жүргізуді қажет ететін барлық арыздар мен өтініштерді ұтқыр топтар қабылдады, қазіргі кезде арыздар прокуратурада қаралуда. Өтініштердің әрқайсысына нақты жауап берілетін болады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.