You are here

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды (Астана қ., 2016 жылғы 22 қаңтар)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті ғимаратында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов пен Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Асхат Рысбаевтың ресми кездесуі болып өтті.

Тараптар жоғары білікті ғылыми мамандар даярлау, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ортақ ақпараттық-коммуникациялық ортаны дамыту бойынша өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  

Ұ.Байжанов атап өткендей, қазақстандық қоғамды жан-жақты жаңғырту жағдайында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күшті жұмылдыру, тәжірибе алмасу, бірлескен білім беру іс-шараларын және іргелі зерттеулер өткізу маңызды болып табылады.

Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде арнайы мамандандырылған жоғары оқу орындары білім беру іс-шараларын, іргелі зерттеулер жүргізу және ғылыми-техникалық зертханалар құру бойынша бірлескен авторлық ұжымдарды жасақтайтын болады.

Ақпараттық ресурстарды құру және ғалымдарды ең маңызды деректермен қамтамасыз етуге арналған және өзінің жұмыс істеу мүмкіндіктері бойынша бірегей болып табылатын Ғылыми-техникалық ақпараттар орталығын бірлесіп қолдану туралы уағдаластық ерекше орын алады.

Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы А.Рысбаев мемлекеттің қауіпсіздігін және құқықтық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдарының академиясы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.