Әйелдер мерекесіне орай (Астана қ., 2015 жылғы 6 наурыз)

06 наурыз 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель барлық нәзік жанды қызметкерлерді керемет мерекемен құттықтап, олардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосып отырған үлестерін атап өтті.

Ардагер әйелдерге олардыңқажырлыеңбектері мен заңға мінсіз қызметтері үшін ерекше жылы лебіздер айтылды.

Қызметте жақсы жетістіктерге қол жеткізген әйел қызметкерлерге ведомстволық наградалар табысталды.

Салтанатты іс-шара қызметкерлер әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу