You are here

Әйел прокурор заңдылықты сақтау күзетінде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Роза Досымбекова,

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Кадр жұмысы

департаментінің бастығы

Көктемнің алғашқы айында біз әйелдердің тамаша мерекесін атап өтеміз. Бұл жарқын мереке ең ғажайып сезімдерге толы – ол ерекше жылулық пен жүрекжардылыққа тұнып тұр. Қай кездері болмасын әйел жақсылықтың, әділдіктің, махаббаттың және мейірімділіктің символы болып қала бермек.

Қазіргі замануи қоғамда әйелдер қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық салаларында белсенді рөлге ие болып келе жатыр. Олар өздеріне тән қуаттылықпен, жауаптылықпен және кәсібилілікпен кез-келген - отбасылық міндеттерінен бастап мемлекеттік деңгейдегі міндеттерді табысты атқаруда.

Олардың ішінде заңдылықты қамтамасыз ету міндеті жүктелген әйел прокурорлар да аз емес. Әйел прокурорлар қадағалау органдарының алдына қойылған міндеттерді шешуде сенімді тірек болған және әрдайым бола бермек те, көп жағдайда прокуратура жұмысының тиімділігі, еліміздің болашағы, біздің жалпы игілігіміз олардың белсенді өмірлік ұстанымдарымен байланысты.

Әйелдер мерекесінің алдында көп жылдарын заңдылықты қамтамасыз ету ісіне арнаған прокуратура органдарының әйел ардагерлеріне шын жүректен ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Олардың ішінде Гүлжан Аманбайқызы Қарақұлова, Алла Николаевна Баринова, Наталья Александровна Панкова, Маржангүл Көкекқызы Көсетова, Зәуре Қожамжарқызы Махатова, Тұрсын Сейітжанқызы Ибраева және тағы басқа көптеген ардагерлер бар.

Прокуратура органдарында еркек әріптестерімен қатарласып жоғары кәсіби және қызметтік деңгейде еңбек атқарып жүрген әйелдер де аз емес.

Солардың бірі - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі, 26 жыл прокурорлық қызмет өтілі бар Хатиша Жұмағұлова.

 

Әдетте, аудан прокурорлары алдыңғы шепте жұмыс атқарады, сеніп тапсырылған аумақта заңдылық пен құқықтық тәртіпке қадағалауды жүзеге асырады, тұрғылықты халықпен тікелей жұмыс жасайды және оларға дербес шешімдер қабылдау құзіреті берілген.

Хатиша Жұмағұлова прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін бастады. Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының бөлім аға прокуроры, бөлім бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі, Қызылорда облысы прокуратурасының басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 2012 жылдың қазанынан бастап Жалағаш ауданының прокуроры.

Х.Жұмағұлованың басшылық етуімен Жалағаш ауданының прокуратурасы азаматтардың, кәсіпкерлердің конституциялық құқықтарын қорғау, мемлекеттік бюджетті толтыру, жалақы бойынша қарыздарды төлеу бойынша көп жұмыстар атқаруда. Басты назар мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы және табиғат қорғау заңнамасын сақтау мәселесіне аударылады.

Жұмыстағы үлкен басқарушылық және практикалық тәжірибе, алдағы тұрған міндеттерді шешудегі жаңашыл тәсілдерді қолдану қадағалау қызметін, қылмыстылықты болдырмау жөніндегі жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Өзіне және бағынышты қызметкерлерге деген жоғары жауапкершілік және талапшылдық прокурорға жұмыстың барлық шебінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде елеулі оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қызметтік борышын адал және үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін аудан прокуроры мемлекеттік награда – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, сондай-ақ «Прокуратураның Құрметті қызметкері», І дәрежелі «Прокуратура үздігі» медалімен, Бас Прокурордың Құрмет грамотасымен, «Қазақстан прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медалімен және басқа ведомстволық наградалармен наградталды.

Сонымен бірге Хатиша Сағатқызы тамаша жұбай, үш баланың анасы. Үлкен ұлы Айдан және қызы Айжан жоғары оқу орындарын табысты тәмамдады, кіші ұлы Арлан мектеп қабырғасында. Жұбайы да мамандығы бойынша заңгер, ұзақ жылдар сот жүйесінде қызмет атқарды.

Бас прокуратураның басшылығы кадр саясатында гендерлік теңдік мәселелерін әрқашан басты назарда ұстайды, дәйекті және мақсатты түрде Гендерлік теңдік стратегиясының басым бағыттарын ескере отырып, қызмет өткеру кезінде гендерлік теңдіктің сақталуы үшін жағдай жасау жөнінде жұмыстар атқарылады.

Осыған байланысты прокуратура органдарының кадр саясаты қай жынысқа жататынына қарамастан жоғары білікті және құзіретті мамандарды тарту арқылы кәсіби кадр корпусын қалыптастыруды көздейді. Әйелдер мен ерлерге прокуратура органдарына қызметке орналасуға, қызметі бойынша одан әрі қарай жоғарылауға және кәсіби біліктілігін арттыруға тең жағдайлар жасалған.

Қазіргі таңда прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріндегі жұмысшылардың 27,4%-ы әйелдер, оның ішінде 22,3%-ы прокурорлық қызметкерлер. Прокуратура органдары мен мекемелерінің орталық аппараттарындағы 102 басшының 19-ы немесе 18,2%-ын әйел қызметкерлер құрайды.

Прокуратура органдарындағы шешім қабылдау деңгейіндегі лауазымдардағы әйелдер санының аз болуы кейбір жағдайларда әйелдердің өздеріне берілген құқықтарды толық негізде іске асыруға мүмкіндік бермейтін құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері мен қиындықтарымен түсіндіруге болады. Ол мөлшерленбеген жұмыс уақыты, белгілі бір лауазымға тағайындалумен байланысты басқа аймаққа ауысудың, көшудің ауыртпашылығы, оның ішінде мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларын білім беру ұйымдарына орналастырудың қиыншылығы. Өз кезегінде басшы лауазым мен құқық қорғау қызметінің ерекшеліктерімен байланысты аса үлкен жауапкершілік те тосқауыл факторы болып табылады. Осының барлығы әйел қызметкерлердің отбасылық өміріне де әсерін тигізбей қоймайды. Олардың көпшілігі бұған психологиялық тұрғыдан дайын еместігі байқалады.

Қоғамның гендерлік проблематика мәселелерін шешудің қажеттілігін сезініп, түсіну қабілеті гендерлік саясатты табысты іске асыруға елеулі түрде ықпалын тигізеді. Ең алдымен гендерлік көзқарасты түбегейлі өзгерту, қоғамда тамырын тереңге тартып қалыптасып қалған соқыр нанымдар мен таптаурындарды жою қажет. Сананы, мәдени кодтар мен гендерлік метафораларды қайта форматтаудағы қоғамның гендерлік мәдениетін, әйелдің қоғамдағы рөлін және гендерлік теңдікті арттыруда, мемлекеттік билік және басқару органдарында еркектермен әйелдердің тең өкілдік етуіне оң көзқарасты қалыптастыруда ақпараттық және ағартушылық жұмыстар маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.