You are here

VIIІ Астана экономикалық форумы аясындағы Полиграфологтардың бірінші конгресі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елордада өтіп жатқан VIIІ Астана экономикалық форумы аясында Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнайы және өзге мемлекеттік органдарының полиграфологтарының бірінші Конгресі болып өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Ресей және Болгария полиграфологтар қауымдастығы, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Форумның жұмысы барысында жиналғандардың алдында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментінің бастығы Р.Досымбекова, полиграфолог-сарапшылардың ұлттық мектебінің басшылары С.Занев мырза (Болгария Республикасы), А.Пеленицын және А.Сошников мырзалар (Ресей Федерациясы), отандық және шетел ғалымдары сөз сөйледі.

Отырыс кезінде ведомствоаралық Полиграфологтар Кеңесінің тұсаукесері болды, оның басты міндеті құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың полиграфологиялық қызметін қамтамасыз ету мен дамытуға көмек беру болып табылады.

Конгрестің қатысушылары осындай кәсіби қауымдастықты құрудың маңыздылығына тоқталып, халықаралық ынтымақтастықты орнату, полиграфологтар қызметін қалыптастыру мен дамыту, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін дамыту үшін қажет екенін атап көрсетті.

Көпшіліктің пікірі бойынша ортақ күш-жігерді біріктіру құқық қорғау органдарына халықтың сенімін арттыруға, олардың қызметінің тиімділігін көтеруге оңды әсер етеді. Сонымен бірге, мамандардың өзара әрекеттесуі –   полиграфты қолданудың нормативтік-құқықтық базасын дамыту, полиграфолог мамандардың қызметін ақпараттық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, полиграфологиялық зерттеулер жүргізудің өзекті мәселелері бойынша  ведомствоаралық және халықаралық ғылыми-ақпараттық алмасуды дамыту үшін аса маңызды рөл атқарады. 

Сонымен қатар, полиграфологиялық зерттеулер жүргізудің айрықша тәжірибесі тек ведомствоаралық ықпалдасу жолымен ғана қалыптаса алады және осындай кәсіби қауымдастықты құру, жалпы алғанда осыған мүмкіндік беретін болады.

Шетелдік ғалымдар мен полиграфолог сарапшылар полиграфологиялық зерттеу жүргізудің психофизиологиялық ерекшеліктерін және тестілеу әдістерін тәжірибеде қолдануға байланысты өздерінің шеберліктерін (мастер-кластар) өткізді.   

Конгресс жұмысының нәтижесі бойынша Болгария және Ресей полиграфологтарының бірлестіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.