You are here

VIIІ Астана экономикалық форумы аясында құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін дамыту мәселелері бойынша панельдік сессияның өткені туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Осы күндері өтіп жатқан кезекті Астана экономикалық форумы аясында Бас прокуратурада «Заманауи қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгеруі жағдайында құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін дамытудың стратегиясы» тақырыбында панельдік сессия болып өтті.

Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Парламент, Премьер-Министр Кеңсесі, құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

Күн тәртібіндегі басты тақырып – құқық қорғау органдарының  кадрлық жұмыстарын жаңартудың өзекті мәселелерін талқылау, жоғары білікті кадрлар әлеуетін қалыптастыруға байланысты заманауи шешімдерді іздестіру болды.

Отырыс барысында тиімді кадрлық қамтамасыз етуді құру, үміткерлерді іріктеу, персоналдар қызметінің тиімділігін бағалау, еңбекке ынтыландыру әдістері, құқық қорғау қызметінде сатылап өсу моделі, халықаралық тәжірибені зерттеу жүйесін жетілдірудің өзекті аспектілері бойынша өзара пікірталас болды.

Шетелдік сарапшылар және Ресей, АҚШ, Канада, Қырғызстан елдерінен келген мамандар осы мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісіп, күш құрылымдарын кадрлық қамтамасыз етудің ұлттық модельдерінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

Осы кездесудің қатысушылары, халықаралық деңгейде құқық қорғау органдарындағы кадрлық менеджментті жетілдіру мәселелерін талқылау бойынша Қазақстан Бас прокуратурасының бастамасына жоғары баға берді.

Өз кезегінде, отандық спикерлер Құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының тұжырымдамасы аясында кадрлық әлеуетті қалыптастыру мен нығайтуға байланысты қабылданып жатқан шараларға тоқталып өтті. Атап айтқанда, персоналдарды іріктеу жүйесін жетілдіру, кадрлық резервпен жұмыс жүргізу, қызметкерлердің құзырлығын бағалаудың прогрессивтік жүйесін енгізу, қызметке кіру кезінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу туралы мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, жақында ғана құрылған Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының Академиясы күш құрылымдарының кадрлық саясатын жетілдіру бойынша міндеттерді іске асырудың маңызды бөлігі ретінде болатыны атап өтілді. Жаңа оқу мекемесі кадрлардың жаңа буынын оқыту мен тәрбиелеу ісінде басты орталық болмақ, ал оның түлектері халықтың жоғары сеніміне ие және халықаралық стандартқа жауап беретін құқық қорғау жүйесін құру туралы Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді жүзеге асыратын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.