You are here

VII Астана экономикалық форумы аясында мемлекеттік қызмет жүйесінде персоналды басқару мәселелері бойынша панельдік сессияның өткені туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2014 жылғы 21 мамыр)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін елордада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумының аясында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «Мемлекеттік қызмет, соның ішінде құқық қорғау қызметі жүйесінде құзырлық негізінде персоналды басқару» тақырыбында панельдік сессия болып өтті.

Сессияның жұмысына Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, құқық қорғау, арнаулы және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар мен ғалымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Жиналғандарға қошемет көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жақып Асанов жаһандық диалог аясында адам ресурстарын басқарудың мәселелерін талқылау, ең адымен, қазіргі уақыт пен қоғам талабына жауап беретін мемлекеттік аппаратты тиімді қалыптастыру қажеттігімен негізделетінін атап өтті. 

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың табысты болуының негізгі шарты болып басқарушылық ресурсты жетілдіру, мемлекеттік аппаратты тиімді қалыптастыру, мемлекеттік секторда менеджменттің заманауи құрылғыларын және корпоративтік басқару қағидаларын енгізу болып белгіленген. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту мақсатында қоғамға қызмет ететін жаңа міндеттерге жауап беретін және мемлекеттілікті нығайтуға сәйкес келетін мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру қажет.

Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаментінің бастығы Роза Досымбекова атап өткендей, мемлекеттік қызметтің, соның ішінде прокуратура органдарының кадрлық әлеуетін сапалық жағынан жаңарту стратегиясы дамыған мемлекеттердің тәжірибесін зерттеу, кадрлық әлеуетті басқару мәселелерінде шетелдік озық тәжірибені енгізуді көздейді.

Осыған орай, құқық қорғау органдарының Кадр саясаты тұжырымдамасын нақты іске асыру аясында сессияны өткізудің негізгі мақсаты адам ресурстарын басқарудың әлемдік тәжірибесін зерттеу, персоналды қалыптастыру мен тәрбиелеу саласындағы халықаралық ұйымдармен және сарапшылармен өзара байланыс орнату, кадр жұмысының қағидаларын жетілдірудің озық тәжірибесімен алмасу үшін институционалдық негіз жасау болып табылады.   

Сессия жұмысының барысында тиімді қадрлық қамтамасыз етуді жасаудың өзекті мәселелері бойынша пікірталас болып өтті.

Атап айтқанда, персоналды басқару процесін жетілдіру, мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру мен кәсіби дамыту, қызметкердің жұмысының тиімділігін бағалау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кадрларды жасақтау, еңбекақы төлеу, әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету, корпоративтік мәдениетті және мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтау, қызметкерлерді тәрбиелеу және уәждеу, ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайды бағалау мәселелері көтерілді.

Шақырылған қонақтар мен спикерлер ретінде сессияда Әзірбайжан, Армения, Грузия, Ресей, АҚШ елдерінің персоналды басқару саласындағы мамандары сөз сөйлеп, адам ресурстарын басқарудың жүйелері мен ұлттық модельдері туралы әңгімелеп берді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.