You are here

Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау комитеті мен жергілікті атқару органдарының қызметінде 2012-2014 жылдар ішінде ветеринария туралы заңнаманың қолданылуына тексеріс өткізді.

Ветеринариялық және азықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекет экономикасының дамуының, халықтың денсаулығы мен саулығының негізгі көрсеткіші болып табылады. Елдегі тұрақты эпизоотикалық жағдай оның әлемдік нарыққа кіруіне, экспорттық мүмкіншіліктің дамуына кепіл болады.

Соңғы үш жыл ішінде ветеринарлық саланың дамуына мемлекет 80 млрд. теңге бөлді, бұл қаржы эпизоотикалық жағдайдың жақсаруын жеделдетуге, малдың өлім-жітімін төмендетуге, мал басы санының өсуін қамтамасыз етуге тиісті.

Осыған қарамастан, өткен уақыт ішінде халыққа экономикалық зиян тигізген ерекше қауіпті аурулардың 1,2 мың ошағы тіркелген. Шамамен 300 мың басқа жуық ауру мал сойылып, жойылды, халықтың шығынын өтеу үшін бюджет қаражатынан 4 млрд. теңге жұмсалды.

Сегіз жылдан астам уақыт бойы бес облыс (Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан) эпизоотикалық қолайсыз болып қалып отыр және ет өнімдерін экспорттауға жабық.

Тексеріс көрсеткендей, қалыптасқан жағдай жергілікті атқарушы органдар мен инспекциялардың ветеринарлық қызметтері тарапынан жаппай заң бұзушылығымен, ветеринарлық заңнаманың сақталуына тиісті бақылаудың болмауымен, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуымен, сонымен қатар, ветеринарлық қызмет жүйесін тиімсіз басқарумен сипатталады.

Мемлекеттік органдарда мал басының саны жайлы нақты ақпарат жоқ, ол эпизоотикалық бақылаудың сапасына әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жасаған ауылшаруашылық малдарды сәйкестендірудің деректер базасы бүгінгі таңда өзінің малдарға бірыңғай есеп жүргізу қызметін орындамайды. Мысалы, жылқы басының саны бойынша базада 800 мыңға дейін мал басы жетіспейді, яғни, жалпы іс жүзіндегі санның 44%-ы. Ауылдық ветеринарлық қызметтердің малдың төлдеуі, жойылуы және сойылуы туралы деректерді уақтылы жаңартпайтындарына байланысты қиындықтар туындаған.

Тексерістер бұрын сойылған 11 мыңнан астам бас малдың базада бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, мал дәрігерлік пункттердің 29% (2 360-тың 690-ы) ауылдық жерде интернет-байланысының болмауынан базаны қолданудың техникалық мүмкіндігімен қамтамасыз етілмеген. Оған қоса, мал дәрігерлік пункттер жұмыскерлерінің шамамен 65%-ның деректер базасымен пайдалану тәжірибелері жоқ.

Мал басының саны бойынша нақты деректердің болмауы ветеринарлық-алдын алу іс-шараларын жоспарлау процесін немқұрайдылыққа, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына және аурулардың алдын алуға қажетті қаржының ауытқуына алып келген.

Аурулардың  20  түрі бойынша жыл сайынғы диагностикалық зерттеу өткен жылдардың жоспарын қайталау негізінде, яғни, аймақтардағы эпизоотикалық жағдайға талдау жасамастан жүргізілген.

Осы себептерге байланысты, өткізіліп жатқан иммунопрофилактикалық іс-шаралар (малды вакцинациялау), өз нәтижелерін бермейді, өйткені жоспарлық көрсеткіштер малдың іс жүзіндегі санына сәйкес келмейді. Осының салдарынан прокуратура органдары республиканың 10 облысында 45 мыңнан астам мал басына вакцинация жасалғаны туралы жалған жазбалар анықтады.

Сөйтіп, өткізіліп жатқан ветеринарлық іс-шаралар өзінің аурулардың алдын алу және алғашқы кезеңінде анықтау рөлін толық көлемде атқармайды, ал бөлініп жатқан бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылуда.

Комитеттің сапасыз вакциналарды сатып алуы жағдайды ушықтыра түсті, ол малдың иммунитетінің төмендеуіне әкеліп қана қоймай, кейбір аймақтарда эпизоотикалық жағдайдың асқынуына әкеледі.

Эпизоотикалық ошақтарды анықтағанда қолданылатын шаралардың толық болмауы аурулардың жайылуына ықпал жасайды. Көп жағдайда бруцеллезға шалдыққан малды сойғанда елді-мекенге қолайсыздық сипаты берілмейді және шектеу-карантиндік іс-шаралар жасалмайды. Сонымен қатар, Қазақстанда 2012-2014 жылдар аралығында аурудың бұл түрі екі есе өсті: ұсақ малдың ауыруы – 34-тен 60 мың басқа, ірі қара мал – 36-дан 70 мың басқа дейін. Аурулардың өзге түрлері бойынша да осыған ұқсас жағдай байқалады.

Ауру малды міндетті түрде сою туралы инспекторлар енгізетін ұйғарымдардың орындалуы қамтамасыз етілмейді. Іріктеп өткізілген тексерістер 1,5 мың осындай жағдайды анықтады. Мұндай тәжірибенің өршуіне мал дәрігерлерінің заңсыз әрекеттері ықпал етеді, олардың көмегімен карантин жерінен 3,8 мың бас ауру мал шығарылған. Сонымен қатар, малдың саулығы мен шығуы туралы, малды сойғанда ветеринарлық ережелердің сақталуы туралы және т.б. жалған анықтамаларды беру фактілері анықталған.

Өз кезегінде, ветеринарлық қызметтердің мемлекет ішінде мал өнімінің тасымалдануын бақылап, қауіпсіздігін кепілдендіретін, ветеринарлық құжаттардың растығын тексеретін бірыңғай біріккен база жоқ, бұл қазіргі қолданыстағы ветеринарлық бақылау жүйесінің басты кемшілігі болып табылады.

Инспекциялардың халық арасында ветеринарлық заңнаманың мүлтіксіз орындалуына тигізер ықпалының аздығы, заңнаманы түсіндіру іс-шараларын өткізудегі рөлінің төмендігі маңызды проблема болып табылады.

Ветеринарлық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы мен құрылысына бөлінген бюджеттік қаражаттың жоспарланып, жұмсалуында да  заң бұзушылықтар анықталды.

Жалпы алғанда осы тексеріс барысында прокурорлар 23 мың заң бұзушылықты анықтады, 750 тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қойыла отырып 800-ден астам заңдылықты бұзуды жою туралы ұсыныс енгізілді, 25 қылмыстық іс тергелуде.

Осыған байланысты, Үкіметтің атына заңдылықты бұзуды жою және елдегі эпизоотикалық жағдайды жақсарту бойынша түбегейлі шараларды қолдану туралы ұсыныс енгізілді.

Қазақстан республикасы Бас прокуратурасының
Әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау департаменті 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.