You are here

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкімнің заңды күшіне енгені туралы БАҚ үшін ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, ағымдағы жылғы 15 қазанда Жамбыл облысының Мерке ауданында тауарлар контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты үкім заңды күшіне енді.

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары тергеген осы қылмыстық іс бойынша құрамында 4 шекара қызметкері бар Қазақстан мен Қырғызстанның 22 азаматы сотқа берілді, олар шекара арқылы халық тұтынатын тауарларды заңсыз тасымалдаған. Осы топты а.ж. сәуір айында 14 жүк автокөлігімен шекараны заңсыз кесіп өткен кезде шекара қызметі ұстады.

 Сараптама қорытындысы бойынша, халық тұтынатын тауарлардың кедендік құны 162 млрд. теңгені құрады. Контрабандалық тауарлардың барлығына тыйым салынды.

Үш айдан астам уақыт бойына бірінші сатыдағы сотта екі прокурор мемлекеттік айыптауды қолдап, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің кінәсін дәлелдеді.

Мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 2015 жылғы 24 шілдедегі үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдегі жазаға сотталды. Заттай айғақ ретінде танылған халық тұтынатын тауарлары бар 14 жүк автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.