Ұлыбританияның Қылмыскерлікке қарсы Ұлттық агенттігінің басшысымен кездесу туралы (Астана, 2016 жылғы 19 мамыр)

19 мамыр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Ұлыбританияның Қылмыскерлікке қарсы Ұлттық агенттігі Таяу шығыс және Азия жөніндегі халықаралық басқармасының бастығы Энни Норриспен кездесті.

И.Меркель әріптесін прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қабылданып жатқан шаралар жөнінде ақпараттандырды.

Тараптар екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, оның ішінде трансұлттық қылмыс, заңсыз есірткі айналымы, киберқылмыстылық, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес аясындағы мәселелерді талқылады.

И.Меркель 2015 жылғы қол қойылған  ведомствоаралық меморандум қылмыскерлікке қарсы тұру саласындағы екіжақты серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам екенін және екі жақтың да құзыретті органдардың қылмыстық-құқықтық саладағы жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті.

Сұхбаттасушылар  қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы тұруда екі ел құзыретті органдарының арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтуға, қылмысқа қарсы күресте аймақтық мәселелерді шешуде ортақ тәсілдерді дайындауға мүдделілік танытты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу