Украинадан экстрадицияланды

12 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана, 2018 жылғы 12 мамыр. Бүгін Бас прокуратура қызметкерлерінің Қазақстан Интерполымен бірлесе жүргізген жұмысының нәтижесінде Украинадан қылмыстық жауаптылыққа тартылу үшін Қайрат Оразбеков экстрадицияланды.   

Астана қаласының ІІД Қ. Оразбековты 2016 жылы алдын ала сөз байласқан топ құрамында ұрлық жасағаны үшін іздестірді. Келтірілген залалдың көлемі 23 млн. тенгеден астам.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған. Осыған байланысты оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Украинадан экстрадицияланған Оразбеков Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

8 (7172) 71 27 66

8 (7172) 71 28 19

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу