You are here

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша оқыту тренингі туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

15 қазанда Бас прокуратура Институтының ұйымдастыруымен прокуратура органдары қызметкерлеріне арналған тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын-алу мәселесіне байланысты оқыту тренингі ашылды.

Оның жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының және «Подруги» дағдарыстық орталығының өкілдері қатысты.

Тәжірибенің басты мақсаты – прокурорлардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алудағы кәсіби біліктілігін арттыру.

Семинарды Бас Прокурордың орынбасары Асанов Жақып кіріспе сөзімен ашып, тренингті өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша қадағалау органдарының жұмысын арттырудағы басты бағыттарды белгіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы Махаббат Бекбосынова семинар тақырыбының қазіргі заманда мемлекеттің дамуындағы өзектілігін, әйелдер құқығын қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті.

Тренинг барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің құқықтық негіздері, сонымен қатар жаңартылған заңнама шеңберінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласының заңнамасын жетілдірудің келешегі талданды. Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерінің халықаралық стандарттары зерттелді.

Сонымен бірге, прокуратура қызметкерлеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін ескертуге қатысты тәжірибелік дағдыларды игеруге көмектесетін отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша оқу-тәжірибелік құрал мақұлданды.

Оқу бағдарламасында тұрмыстық зорлық-зомбылық тәжірибесінің өзекті мәселелеріне қатысты теориямен қатар, тестілеу, кіріспе тапсырма, сауалнама, заңды пайдалану қызметіндегі өзекті мәселелерді талқылау тәрізді практикалық тапсырмалар да қамтылатын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.