You are here

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық кеңес туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2016 жылғы 28 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, Парламент депутаттары, Әйелдер істері және отбасылық-демографиляық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, өзге де мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, Бас прокуратураның жанындағы Консультативтік кеңес мүшелері және алдыңғы қатарлы бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Кеңес барысында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту жөніндегі шаралар, құқық қолданушылық тәжірибесінің проблемалары, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнаманы жетілдіру перспективалары талқыланды.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова өз сөзінде «тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы саласындағы заңнаманы әрі қарай жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу қажет. Заң барлық тұрғындарға түсінікті болуы және әр адам үшін қалыпты норма болуы үшін қызмет ету керек. Біз әйел адамдарға медициналық, құқықтық, психологиялық көмек көрсету жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді қалай нығайтатынымыз туралы айту үшін жиналдық», деп атап өтті.

Бас Прокурор күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігіне тоқталды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ауыр әлеуметтік салдары бар проблема. Зорлық-зомбылық өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. «Көшедегі агрессияның да бір себебі - отбасындағы жағдай. Үйден ызамен шыққан адам өшін өзгеден алады. Адамдардың қоғамдық жерлердегі және көліктегі теріс қылықтары, көп жағдайда, отбасында болып жатқан жағдайлардың көрінісі», деді ол.

Статистика бойынша Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың 90 пайызға жуығы әйел адамдарға қатысты жасалады, егде адамдар мен балалар зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын жағдайлар да аз емес. Біздің мақсатымыз тұрғындардың сана-сезімін өзгертудің жаңа жолдарын іздестіру, осы проблемаға деген көзқарасты өзгерту.

Кейінгі жылдар ішінде елімізде осы саладағы заңдылықты нығайту бойынша заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заң қабылданды. Бұл заң зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды және отбасылық жанжалшыларға қатысты қылмыстық-процестік мәжбүрлеуді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Соның арқасында отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың азаю динамикасына қол жеткізу мүмкін болды.

Алайда бұл проблема әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік проблема болып қалып отыр. Көптеген құқық бұзушылар жазасыз қалуда, ал зорлық-зомбылық фактілері айтылмаған күйінде тіркелмей қалады. Ресми статистика жәбірленушілердің полицияға шағымдануына кедергі келтіретін көптеген факторлар салдарынан жағдайдың нақты сипатын көрсетпей отыр.        

Сол себепті бүгін отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың тіптен жаңа жолдарын іздестіру маңызды. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек.      

Бас Прокурор Ж.Асанов атап өткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның парадигмасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. Әрбір жазасыз қалған үй бұзақысы өзінің бойында бұдан да ауыр құқық бұзушылықтарды жасауға негіз болатын жауапкершіліксіздік сезімін дамытады.

Осы орайда, Бас Прокурор тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық ұсыныстарды алға тартты. Мысалы, ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына қайтару, отбасылық жанжалшыларды ұстау мерзімін үштен 48 сағатқа дейін арттыру, қорғау нұсқамасының мерзімін 90 тәулікке дейін ұзарту ұсынылды.

Бұл жұмыстың сәтті жүруіне мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын практикалық тұрғыда шешумен айналысатын үкіметттік емес ұйымдармен әрекеттестіктің зор ықпалы бар. Дағдарыстық орталықтардың жұмысын қаржыландыру туралы заң талабын орындауға жергілікті билік органдарын мүдделі ету үшін бұл көрсеткішті әкімдер жұмысын бағалау өлшемдерінің бірі ретінде анықтау ұсынылды.

Талқылау қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, тұрмыстық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық, ұйымдастырушылық-практикалық шараларды, сонымен қатар ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамсыздандыруды қарастыратын іс-шаралар кешенін ұсынды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.