You are here

«Түрмедегі адамдардың» санын азайтудың 10 шарасы» жобасы Тұжырымдамасының тұсаукесері туралы баспасөз ақпараты (2013 жылғы 12 желтоқсан, Астана қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Түрмедегі адамдардың» санын азайтудың 10 шарасы» жобасы Тұжырымдамасының тұсаукесері өткізілді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Ішкі істер министрлігі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес, «PRI» Халықаралық түрме реформасының Орта Азиядағы өкілдігі және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы.

Жоба Тұжырымдамасын талқылауға Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Бектас Бекназаров, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың,    дипломатиялық миссия, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Тұсаукесер барысында атап көрсетілгендей, Қазақстан 90-шы жылдары «түрмедегі адамдардың» саны бойынша әлемде үшінші орында болса, бүгінгі таңда қылмыстық заңнаманы ізгілендірудің және рақымшылықтардың нәтижесінде біздің мемлекетіміз әлем рейтингінде 35-ші болып орналасқан.

Сонымен қатар, Бас Прокурор атап өткендей, бас бостандығынан айыру жазасы әлі де басым күйінде қалып отыр, сондықтан да «түрмедегі адамдардың» санын азайту үшін қылмыстық және қылмыстық атқару заңнамаларына түзету енгізу, сондай-ақ практикалық шараларды әзірлеу қажет болып отыр.

Жоба Тұжырымдамасын талқылау барысында қазіргі сәтте Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан жаңа Қылмыстық кодекстің жобасы «түрмедегі адамдардың» санын азайтуға қосымша мүмкіндіктер беретініне назар аударылды.

Жаңа Қылмыстық кодекстің жобасында бас бостандығынан айыру жазалаудың баламасыз түрі ретінде неғұрлым қауіпті қылмыстар үшін ғана сақталған. Шамамен әрбір төртінші құрам бойынша қылмыстық жазалау бас бостандығынан айыруға балама санкция енгізу жолымен жұмсартылған. Бостандығын шектеу 60 ауырлығы орташа  және 24 ауыр қылмыс құрамдары бойынша енгізіледі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар азаматтардың құқықтарын, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекет мүмкіндіктерінің әлсіреуіне жол бермеу үшін келешектегі ізгілендіру бойынша жұмыстарды келеңсіз зардаптарды болжау және талдау негізінде нақтылап жүргізуді ұсынды.

«Түрмедегі адамдардың» санын азайтудың 10 шарасы» жобасы Тұжырымдамасында қамаудағылардың санын азайтудағы кедергі болып отырған негізгі себептер белгіленген. Олардың ішінде – құқық бұзушылықтың алдын алудағы кемшіліктер, қылмыстық жазаның тым қатаңдығы, қамауға алуға баламалы бұлтартпау шараларын жеткіліксіз қолдану, мерзімінен бұрын босатудың кең қолданылуына жол бермейтін кедергілер және басқалар.

Осы форумға қатысқан Парламент депутаттары, дипломатиялық миссия, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері Тұжырымдаманы әзірлеушілердің дамыған елдерде қолданылатын алдыңғы қатарлы стандарттар мен инновацияларға сүйенгенін ерекше атап өтіп, ондағы негізгі идеяларды белсенді түрде қолдады.

Конференцияның қорытындысымен қарастырылған мәселелер бойынша нақты ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар кешені әзірленді, олардың жүзеге асуы жақын жылдарда бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.