Түрме реформасының форумы туралы БАҚ үшін аңдатпа

11 желтоқсан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылғы 12 желтоқсан күні сағат 9.00-де Бас прокуратурада «Түрмедегі жұмыспен қамту» тақырыбымен түрме реформасының екінші форумы өтеді. Іс-шара пенитенциарлық жүйені одан әрі ізгілендіру, сотталғандардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу, отбасылық байланыстар мен құндылықтарды сақтау, сотталғандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселелеріне арналған.

Ұйымдастырушылар – Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, «Penal Reform International» халықаралық ұйымы және Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Парламент депутаттары, Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің басшылары, Қылмыстық атқару жүйесінің облыстық департаменттерінің жетекшілері, белгілі халықаралық сарапшылар, сондай-ақ халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Осы іс-шараға ақпараттық қолдау көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдары шақырылады.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратура ғимараты.

Тіркеу 7172766@prokuror.kz, rinat.balgabaev@gmail.com электрондық мекен-жайлары арқылы жүргізіледі.

Анықтама телефондары: 8 7057109705, 8(7172) 550121

Ескерту: Бас прокуратураға келушілердің ұялы телефондары бақылау-өткізу бекетіндегі сақтау жәшігіне тапсырылады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу