You are here

«Түрме орнына – пробация мен электронды білезік» атты түрме реформасының тұңғыш форумы туралы баспасөз ақпараты (2013 жылғы 28 наурыз, Астана қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның ғимаратында қылмыстық сот төрелігін және  жазаны өтеу жүйесін өзгерту жөніндегі бірегей бастама болып табылатын «Түрме орнына – пробация мен электронды білезік» атты тұңғыш халықаралық форум болып өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл, Penal Reform International (PRI) халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы өкілдігі, «Қазақстан Республикасындағы соттық және құқықтық реформаны қолдау» атты Еуропалық Одақтың жобасы, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы, IRZ Германдық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры, Астана қаласындағы Нидерланды Корольдігінің елшілігі болып табылады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың, дипломатиялық миссиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Форум қылмыстық жазалауды орындау жүйесін жаңғырту және оған алдыңғы қатарлы инновацияларды енгізуге бағытталған «Түрме орнына – пробация мен электронды білезік» атты жобаны жүзеге асыру аясында өткізілді. Мұндай тапсырманы Елбасы құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен қаңтарда болған мәжілісте жүктеді.

Тәуелсіздік алған жылдары түрмедегі халық саны бойынша Қазақстан әлемде АҚШ және Ресейден кейінгі үшінші орында болды. Ізгілендіру және басқа да реформалардың нәтижесінде егемендік жылдары бұл көрсеткіш біршама азайды. Нәтижесінде Қазақстан 2011 жылы 31 орынға жылжып, халықаралық рейтингтегі өз позициясын жақсартты.

Бірақ бостандығы шектелген адамдардың саны әлі де болса жоғары – 100 мың тұрғынға 316 қамалған адамнан келеді. Ал халықаралық стандарттар бойынша 100 мың тұрғынға шамамен 150 қамалған адам болған жағдайда ғана қылмыстық әділдік жүйесі дұрыс ұйымдастырылған деп санауға болады.

Заңнаманы одан әрі ізгілендірудің де әлеуеті таусылды. Түрмелердегі жазасын өтеп жүргендердің 95%-ы – ауыр, аса ауыр және қайталап қылмыс жасағандар.

«Түрме реформасын» жүргізудің тағы бір маңызды себебі оның экономикалық негізінде болып отыр. Бас бостандығы шектелген бір адамды ұстау қазына үшін 2012 жылы 580 мың теңгені құраған.

Сонымен, «түрме реформасының» қажеттілігі сөзсіз. Ол үшін бірқатар шаралар қолға алынуы керек. Бірақ осының негізгі жолы – электрондық бақылау жүйесімен бекітілген пробацияны жаппай енгізу деп танылады.

Сотталғандарды қоғамға әлеуметтік-құқықтық бейімдеу шараларының кешенін қарастыратын пробация бүгінгі таңда Қазақстанда шартты түрде сотталғандарға ғана қолданылады. Мысалға, өткен жылы бұл жүйемен 2180 адам қамтылды, осының нәтижесінде қайталанатын қылмыстарды едәуір төмендетуге қол жеткізілді. Алғашқы практикалық нәтижелері осы жүйенің сөзсіз басымдықтарын және жасалған жұмыстың тиімділігін, келешекте оны қолдануға болатын тұлғалар шеңберін кеңейту мүмкіндігін көрсетіп отыр.

Жиналыста Қазақстандағы пробация қызметінің қалыптасуымен, электрондық мониторингті енгізумен, қамауға алудың балама жазалау түрлерін пайдалану практикаларын кеңейтумен байланысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Жыл сайын өткізілуі жоспарланып отырған форумға қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, ұсынылған қадамдар қайталанатын қылмыстарды ескерту жөніндегі шаралардың тиімділігін қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын үнемдеуге, жазалауды өтеу процесін неғұрлым тиімді етуге бағытталған.

Форумның материалдары www.prisonforum.kz  сайтында.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz, twitter.com/#!/GenProkRK, facebook.com/GenProkRK, www.youtube.com/user/GenProkRK, vk.com/Basprokuratura

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.