Түркиядан экстрадициялау туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылғы 7 желтоқсан)

07 желтоқсан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Түркия Республикасының Әділет министрлігі қазақстандық азамат Руслан Әлиевті ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды.

Қылмыстық қудалау органы Руслан Әлиевті қарақшылықпен байланысты аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін кінәлап отыр.

Ол қылмыс жасаған соң тергеуден жасырынып жүрген және осыған байланысты халықаралық іздеуге салынған. Оны Түркия Интерполы Анталья қаласында ұстады.

Анталья қаласының Жоғары соты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аталған тұлғаны ұстап беру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Айыпталуышы сот қадағалау сатыларына бірнеше мәрте шағымданған, бірақ түріктер тарапынан бұл өтініштер қанағаттандырусыз қалдырылып, оны Қазақстан Республикасына беру туралы шешім өзгеріссіз қалдырылған.

Екі елдің құқық қорғау органдарының жедел әрі тиімді ықпалдастығының нәтижесінде Руслан Әлиев бүгін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу