Түркия делегациясымен кездесу туралы баспасөз ақпараты (Алматы қ., 2015 жылғы 17 сәуір)

17 сәуiр 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласының прокуратурасында Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Түркия Республикасынан келген сот және құқық қорғау органдары делегациясымен кездесті.

Кездесу жұмысына Бас прокуратура Институтының директоры Салтанат Тұрсынбекова, Алматы қаласының прокуроры Берік Асылов, Бас прокуратура және Алматы қаласының прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары түркиялық тарапқа прокуратура органдары алдында тұрған негізгі мәселелер туралы әңгімелеп, соның ішінде қылмысқа қарсы күрестегі халықаралық тәжірибені меңгеру – қадағалау органдарының жұмысын жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі екендігін атап өтті.

Бұл тұрғыда И.Меркель Қазақстанның прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға белсенді қолдау жасап отырған Түркияның Әділет академиясының рөліне айрықша тоқталды.

 Кездесуді қорытындылаған И.Меркель алдағы уақытта өзара сенім мен сыйластыққа негізделген жемісті және тиімді ынтымақтастық жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Өз кезегінде түркиялық делегацияның жетекшісі, Әділет академиясының вице-президенті судья Мұстафа Артуч қонақжайлы қабылдау мен мазмұнды кездесу үшін алғысын айтып, біліктілікті арттыру мен ғылыми тәжірибе алмасу мәселелерінде Қазақстанның прокуратура органдарымен алдағы уақыттағы жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу