You are here

Туристік бизнес саласындағы алаяқтық

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Дәулет Тілеубаев,
Бас прокуратура 2-ші Департаментінің
басқарма аға прокуроры

Жаз маусымы келісімен көптеген қазақстандықтар өздерінің демалысын жоспарлай бастайды. Ол үшін туристік қызмет көрсетушілердің көмегіне жүгінуге тура келеді.

Осы орайда туризм саласы алаяқтарсыз болмайтынын айта кету керек.

2015 жылғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде туристік бизнес саласында 380-нен астам алаяқтық фактілері тіркелген.

Мысалы, Қостанай қаласында Түркия мен Мысырға авиабилеттерді брондау жөнінде адамдарды жаңылыстырған туристік агенттіктің директорына алаяқтық әрекеттері үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тергеу органдары оның туристік жолдаманың төленгені туралы квитанцияларды көрсету кезінде алдағы уақытта туристік қызметтерді көрсетуді жоспарламағанын дәлелдеген. Алаяқтық әрекетер нәтижесінде 12 жәбірленушіге 5,5 миллион теңге көлемінде залал келтірілді.

Осыған ұқсас жағдай Қарағанды қаласында орын алды. Жалған жолдамаларды сатқаны үшін туристік фирманың операторы 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

К. есімді азаматшаның іс материалдарына сәйкес, көбіне Түркияға тиімді ұсыныстарды табу арқылы, ол өзінің көмегіне жүгінген туристерді саяхат, ұшақ билеті, сақтандыру құжаттары үшін өз еркімен қаражат беруге итермелеген. Туристерден ақша алғаннан кейін оларға меймаханада тұру үшін ваучер (кепілхат), шығу және қайту уақыты көрсетілген электронды билеттер мен сақтандыру полисін, яғни, жолдаманың төленгенін растайтын жалған құжаттарды берген.

Содан кейін ол туристерге авиабилеттердің қымбаттауы мен қарсы алатын жақтың банкротқа ұшырауына байланысты олардың ұшпайтынын хабарлап, оларды келесі күні Астана қаласы арқылы жіберуге уәде берген болатын. Алайда келесі күні ол жұмысқа шықпай, өзінің ұялы телефонын сөндіріп тастаған. Осылайша туроператор өзінің клиенттерін 3 млн. теңгеден астам сомаға алдаған.

Ағымдағы жылы осындай сипаттағы 120 алаяқтық фактісі тіркелген, олардың көп бөлігі Астана және Алматы қалаларында, сонымен қатар Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орын алған.

Жоғарыда айтылып өткенді ескере отырып, азаматтарды қырағылық танытуға және туристік жолдаманы сатқан компания тарапынан алдауға тап болсаңыз, тез арада құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырамыз.

Туроператорларды таңдау барысында олардың қаржылық тұрақтылығына, осы саладағы жұмыс жасау мерзімі мен тәжірибесіне назар аударған жөн. Қазіргі уақытта интернет-ресурстардағы пікірлер арқылы туристік агенттіктердің қызметі жайлы мәліметтер алуға болады.

Турагентпен жасасып жатқан туристік қызметтерді көрсету туралы келісім-шартты мұқият оқыңыз. Туристік қызметтерді көрсету туралы келісім-шартқа қол қою барысында шартты міндеттемелерді орындамаған жағдайда төленетін өтемдік төлемдерге байланысты тармақтар бойынша кеңес алған жөн.

Алаяқтық құрбаны болмау үшін экзотикалық елдерге арналған арзан турпакеттер, ірі жеңілдіктер мен қызу жолдамаларды жарнамалап отырған алаяқтардың қармағына түсіп қалмау керек.

Сонымен қатар, демалыс уақытында туристер қылмыскерлер үшін тиімді нысанаға айналуы мүмкін, қылмыс түрлерінен ерекше көзге түсетіндері: зорлау әрекеттері, адам сату, ұрлық, тонау, алаяқтық, есірткі және психотропты құралдарды пайдалана отырып, туристердің денсаулығына залал келтіру.

Азаматтар, естеріңізде болсын, сіздің шет елге бару туралы арманыңыздың орындалуы сіздің қырағылығыңыз бен мұқияттылғыңызға байланысты, кері жағдайда сіздің демалыс туралы жоспарыңыз жүзеге аспай қалуы мүмкін.

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.