Тұңғыш Президент күні құрметіне

30 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылғы 30 қараша, Астана. Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. 

Президенттің мемлекеттілікті қалыптастыру мен серпінді дамытудағы маңызды рөлін, Тәуелсіздік жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты еліміздің табыстары мен жетістіктері қатысушылардың баяндамаларында ерекше аталып өтілді.

Мемлекет басшысы саясатының көрегендігі мен даналығы елдің әлемдік аренадағы позициясын нығайтуға және халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік бергеніндігі айтылды.

Мемлекет басшысының жаһандық деңгейдегі жоғары беделі туралы ЕҚЫҰ Саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Сирия бойынша Астана процесі, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу сияқты маңызды іс-шаралардың мұрасын айғақтайды. Бұған мемлекеттің бірқатар халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі тағы бір дәлел болып табылады.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің барлық салаларында заманауи дамуының іргетасы болып табылады, ол Елбасының әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру жөніндегі ұзақ мерзімді пайымдауын көрсетеді.

Президенттің «Ұлы даланың 7 қыры» атты тарихи мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында бастау алатын қазақстандықтардың санасын жаңғырту курсының қисынды жалғасы болып табылады. Екі құжат та тарихи сананы өзгертуге және Қазақстанның жаңа түсінігін халықаралық аренада ілгерілетуге ықпал етеді.

Мемлекет басшысының ел бірлігі мен мемлекеттік биліктің кепілі, конституцияның мызғымастығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі қызметін жүзеге асыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін іске асырудағы прокуратура органдарының рөлі мен функцияларына айрықша мән берілді.

Салтанатты іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильм көрсетілді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу