You are here

Тәуелсіздік мерейтойының құрметіне Академияда өткен салтанатты жиын туралы (Астана қ., 2016 жылғы 15 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Академия ректоры Ұлан Байжанов ұжымды айтулы оқиғамен құттықтай отырып, мемлекеттің дамуы үшін егемендігіміздің маңызын, жас мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдерін атап өтті.

Мыңжылдықтар тоғысында мемлекетіміздің қалыптасу жылдары Қазақстанның жаңа тарихына экономиканың, әлеуметтік, мәдени және саяси жүйенің ілгері дамуына бағытталған өзгерістер мен реформалардың кезеңі ретінде енетін болады. Бұл процестегі басты рөл құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру, қоғам талаптарына жауап беретін құқықтық жүйені құру міндеттерін арқалаған прокуратураға жүктеліп отыр.

Құқық қорғау академиясының құрылуы - алға қойылған міндетті орындаудағы ең маңызды қадамдардың бірі. Ол жаңа көзқарастағы заңгерлерді даярлауды қамтамасыз ететін, жеткеші ғылыми-білім беруші мекемеге айналуы тиіс.

Бүгінде Академия оннан астам жобалармен және тақырыптарды зерттеумен айналысуда. Оларды іске асыру ең басты мәселеге, яғни, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыруда еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетіп, жәрдемдесуге бағытталған, - деп атап өтті ректор.

Мереке қарсаңында өз міндеттерін үлгілі орындаған және мінсіз қызметімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер мерейтойлық медальдармен наградталды.

Наградалар табысталғаннан кейін білім алушыларды 1-курстың магистранттары мен докторанттары қатарына қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара Академияның 1 және 2-курс тыңдаушылары дайындаған концертпен аяқталды.

Бас прокуратураның жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.