ТМД мемлекеттерінің Бас прокурорларының Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы туралы баспасөз ақпараты (26 қыркүйек 2013 жыл, Бішкек қ.)

26 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, оған Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев қатысты.

Отырыс жұмысына Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Украина жоғары қадағалау органдарының басшылары, сонымен қатар ТМД Парламентаралық ассамблеясының және Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Форумда прокурорлардың қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күрестегі өзара ынтымақтасуының өзекті қырлары, соның ішінде есірткінің заңсыз айналымына, адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық статистика жүйесіндегі инновациялық жобаларды таныстырды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу