You are here

Туберкулез профилактикасын тексеру нәтижелері туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары медициналық ұйымдар мен мекемелердің туберкулез профилактикасы бойынша шараларды іске асыруына тексеріс жүргізді.

Денсаулық сақтаудың статистикалық деректері бойынша кейінгі 10 жылда Қазақстандағы туберкулез ауыруы көрсеткіші 54,9%-ға, ал өлім көрсеткіші 77,4%-ға төмендеген.

Сонымен қатар, тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды, олар статистика ақпаратын бұрмалау,  профилкатикалық іс-шаралардың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, сапасыз дәрігерлік қызмет көстету, науқастарды еркінен тыс емдеу шараларын қамтамасыз етпеу және т.б.

Мысалға, Талғар ауданының (Алматы облысы) Орталық емханасында тексеру күні 78 емделушінің флюорографиясы оң нәтиже көрсеткенімен, толықтай тексерілмегені анықталды.

Жоспарлы флюорографиялық бақылауды уақтылы өткізбеу және сақтық шараларының болмауы  туберкулезді асқынған кезде анықтауға алып келеді, бұл жекелеген жағдайларда ауру адамның денсаулығына зиян келтіреді.

Әулиекөл ауданының (Қостанай облысы) Орталық емханасына туберкулезге тексеруі қажет ауру белгілерімен аз.«О» бес айы бойы бірнеше рет қаралуға келген (2015жылғы 28 мамыр, 8 тамыз және 14 қазан).

Соған қарамастан, дәрігерлер ауруға сақтықпен қарамаған, нәтижесінде 22 қазанда ол туберкулезге қарсы ауруханаға жатқызылып, 4 қүннен кейін туберкулез ауруының асқынғандығынан жан тапсырған.

Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тегеу жүргізіліп жатыр.

Жалпы тексеру нәтижесінде, туберкулез ауыруына шалдығу күдігі бар адамдардың тексеруі уақтылы жүргізілмеген, толық тесерілмеген және т.б. 1028 дерек анықталды. Көрсетілген факторлар сау адамдарға тікелей қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, туберкулездің таралмауы сол ауруға шалдыққан адамдардың жауапкершілігіне де байланысты. Тексеру барысында, науқастардың емделуден бас тарту фактілері анықталған, бұл жағдай аурудың ауа арқылы таралу қаупі бар қиын емделу түріне айналуына септігін тигізеді.

Таңдаулы тексерулер нәтижесінде емделуден бас тартып, оңашалауды қажет ететін, елді мекендерде жүріп басқа адамдарға ауруын жұқтыру қаупін төндіріп жүрген 327 науқас анықталды.

Қолданылған шаралармен 259 науқас емделуге қайтарылды, қалғандары іздестірілуде.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заң бұзушылықты және оның себептерін жою туралы енгізілген ұсынысты қарау нәтижесінде профилактикалық жұмыстағы немқұрайдылықты болдырмай, халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, науқас адамдардың емделуден бас тартуы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы және сот арқылы еркінен тыс шаралар қолданылуы мүмкін екенін еске сала отырып, барлық азаматтарды өзінің және өзге адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.