You are here

ТМД-ға мүше мемлекеттердің бас прокуратураларының халықаралық бөлімшелері басшыларының кездесуі туралы баспасөз ақпараты (7 маусым 2013 жыл, Астана қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесі Хатшылығының аясында ТМД-ға қатысушы  мемлекеттер бас прокуратуралары халықаралық құрылымдары басшыларының кездесуі болып өтті.

Кеңес жұмысына Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызтан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан және Украинаның жоғары қадағалаушы органдарының өкілдері қатысты.

Қазақстанның Бас Прокуроры қонақтарды қарсы ала отырып, ТМД елдері Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесі достастықтың қадағалаушы органдарының бірлескен қызметіне айтарлықтай үлесін қосуда. Кеңсетің құзыреті шеңберінде басты қадағалаушы ведостволар арасында жемісті ынтымақтыстық орнатылған, өз кезегінде бұл өзара қызығушылық танытатын ауқымды топ сұрақтарын талқылауда конструктивті диалог құрып жүргізуге рұқсат береді.

Кеңеске қатысушылар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи стратегиялық мәселелер мен бірлескен міндеттер шешуде  және қазіргі әлемнің шақыруы мен төніп тұрған қауіп қатеріне қарсы күресте өлшемсіз түрде үйлесімді әрекеттесудің өзектілігі артандығын атап өтті.

Кездесу барысында ведомствоаралық әрекеттесудің көкейтесті бағытындағы мәселелер бойынша әңгіме және өзара пікір алмасу болды.

Соның ішінде, бірігіп қылмыстылыққа қарсы күрес, терроризм және экстремизм, есірткі заттарының заңсыз айналымына, заңсыз көші-қоңға қарсы күрес мемлекетаралық бағдарламаларының орындалуы бойынша сұрақтарды, ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетудің жүзеге асырылуы туралы талқылады.

Форум аясында А. Дауылбаевтың Молдованың Бас прокурорының бірінші орынбасары А.Пынтя және БПҮК Атқарушы Хатшысы  Л. Ермолаевпен екіжақты кездесуі болып, онда ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

А.Дауылбаев Қазақстанның прокуратурасы ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге екіжақты пішімдеде және халықаралық ұйымдар шеңберіндеде ашық екенін атап өтті.

Тараптар аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің сақталуына одан әрі кеңейтіп өзара әрекеттесуге ұжымдық күш жұмсауға дайын екендіктерін растады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.