You are here

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіруші кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты (Душанбе қаласы, 2014 ж. 25 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Душанбе қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіруші кеңесінің кезекті отырысы (БПҮК) өтіп, оның жұмысына Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев қатысты.

Форумда қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған қадағалау органдары арасындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндеттер тұрғысынан трансұлттық қылмыспен күрес саласындағы ортақ міндеттерді шешудегі бас прокуратуралардың күштерін жұмылдыру және оны әрі қарай жетілдірудің өзектілігі арта түскендігін атап көрсетті.

Отырысқа қатысушылар азаматтардың, әсіресе өз мемлекеттерінен тысқары жерлерде тұратын азаматттардың құқықтарын қорғау, қылмыспен күресу бойынша ортақ шаралардың мемлекетаралық бағдарламаларын  орындау мәселелері туралы ой бөлісті.

Форум аясында А.Дауылбаев Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің бас прокурорларымен, Ресей және Әзірбайжан прокуратуралары басшыларымен, сонымен қатар БПҮК Атқарушы хатшысымен екіжақты кездесулер өткізіп, әңгіме барысында ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.