You are here

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2015 жылғы 27 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің 25-ші отырысы болып өтті.

Өткізілген отырыс мерейтойлық болып табылады және ол осы мемлекетаралық орган құрылуының 20-жылдығына арналған.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев, Армения Республикасының Бас прокуроры Геворг Костанян, Беларусь Республикасының Бас прокуроры Александр Конюк, Қырғыз Республикасының Бас прокуроры Индира Джолдубаева, Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайка, Тәжікстан Республикасының Бас прокуроры Юсуф Рахмон, Әзірбайжан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Рустам Усубов, Молдова Республикасы Бас прокурорының орынбасары Юрий Гарабаның басшылығымен ТМД Бас прокуратураларының делегациялары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев және ТМД БПҮК атқарушы хатшысы Леонид Ермолаев қатысты.

Форум делегаттарының алдында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев ТМД аясында өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын одан әрі дамыту қажеттілігіне баса назар аударды.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің төрағасы, Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайка өз сөзінде аймақтағы қауіпсіздіктің жаңа қауіп-қатерлерінің пайда болуы аясында қарастырылатын мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Отырысқа төрағалық еткен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бүгінде БПҮК-нің мемлекетаралық қызметте маңызды орын алатынын, оның тікелей қатысуымен ынтымақтастық мәселелері бойынша қажетті келісім-шарттық база жасалғанын, ұлттық заңдарды жақындату бойынша, соның ішінде Еуразиялық одақ аясында ұсыныстар әзірленіп жатқандығын атап айтты. Кеңестің әлеуетін одан әрі күшейту Достастықтың прокуратура органдарына құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша ортақ мақсат-міндеттерге жету жөніндегі бірлескен жұмысты орындауға мүмкіндік береді.

Осы тұрғыда қатысушылар бас прокуратуралардың ақпараттық технологияларды енгізу, қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күресу, экстремизм және терроризмге қарсы әрекет ету, нашақорлық, азаматтарды экстремистік ұйымдарға тарту, адамдарды сату және заңсыз көші-қон бойынша жұмыс тәжірибесін талқылады және талдады.

Делегаттар атап өткендей, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қазіргі заманғы стратегиялық міндеттер контекстінде мемлекеттердің құқық қорғау органдарының трансұлттық қылмыспен күрестегі үйлесімді өзара әрекет ету қажеттілігі туралы мәселенің өзектілігі одан әрі арта түседі.

Үйлестіру Кеңесінің туы және елтаңбасы туралы ережелер, сондай-ақ БПҮК-тің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының Үйлестіру кеңесімен және ТМД елдерінің Қаржылық барлау бөлімшелері басшыларының кеңесімен өзара әрекетті регламенттейтін құжаттар мақұлданды.

Отырыс барысында форум делегаттары Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайканы бір ауыздан ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің Төрағасы етіп қайта сайлады. Сондай-ақ ТМД БПҮК-нің кезекті 26-шы отырысы 2016 жылы Беларусь Республикасында өткізілетіні жөнінде шешім қабылданды.

Талқылау нәтижелері бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокуратураларының басшылары алдағы кезеңде халықаралық ынтымақтастық саласында, прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттары жөніндегі оң тәжірибемен алмасуды жалғастыру және оларды практикалық қызметте пайдалану бойынша басым міндеттерді анықтайтын күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдады.

Қорытынды шешімдерге қол қойылған соң Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесі құрылуының 20-жылдығы құрметіне ТМД Бас прокуратуралары мен органдарының өкілдерін мерейтойлық медальдармен салтанатты түрде марапаттаудың ресми рәсімі өтті.

Заңдылықты, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыспен күресу саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас прокуратураларының және прокуратураларының ынтымақтастығын және өзара әрекет етуін ұйымдастыратын, Достастықтың мемлекетаралық органы болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесі 1995 жылғы 7 желтоқсанда құрылған. 2000 жылғы 25 қаңтардағы Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің басшылары Кеңесінің шешімімен оған ТМД-ның мемлекетаралық органы мәртебесі берілген. Осы құжатқа Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Украина қол қойған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.