You are here

«Тіл – тұтастық кепілі» атты республикалық ведомствоаралық байқау туралы баспасөз ақпараты (Астана қ, 2015 жылғы 20 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Бас Прокуратураның бастамасымен және  Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен құқық қорғау, арнайы және әскери органдар арасында «Тіл – тұтастық кепілі» атты республикалық ведомствоаралық байқау өтті.

Өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты – ұлттың бірлігі мен тұтастығын және қоғамдық келісімді нығайту, қазақстандық патриотизмге тәрбилеу, сонымен қатар құқық қорғау және басқа да мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау.

Бұл мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға, сонымен қатар барша қазақстандықтарды ұлт ретінде біріктіріп, ел болашағының іргетасын бекемдей түсуге бағытталған шара. 

Байқауға Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі  өкілдерінен құралған командалар  қатысып, сайысты бәйгеге түсті.

Мемлекеттік тілді меңгергендіктерінің жоғары деңгейін және оны кәсіби қызметте қолдану дағдыларын көпшілік талқысына ұсынған байқауға қатысушылар шешендік өнердегі шеберліктерін де сынға салды.

Байқаудың бір кезеңі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды, онда өнер сынасқан қатысушылар еліміздің тарихы мен мәдениетін терең білетіндіктерін және ата-бабадан мұра болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жоғары деңгейде меңгергендерін паш етті.

Байқаудың қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болып, алғыс хаттармен  марапатталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.