You are here

«Тіл – тұтастық кепілі» атты республикалық ведомствоаралық байқау туралы БАҚ үшін аңдатпа

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы 20 қазанда «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Бас прокуратураның бастамасымен және Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің арасында мемлекеттік тілді насихаттауға арналған «Тіл – тұтастық кепілі» атты республикалық байқау өтеді.

Байқауға Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Мемлекеттік күзет қызметі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қорғаныс министрлігінің командалары қатысады.  

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың негізгі мақсаты – халықтың бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту, сонымен қатар құқық қорғау және басқа да әскери ұйымдардың қызметшілері арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау болып табылады.

Осы іс-шараға ақпараттық қолдау көрсету үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Іс-шара 2015 жылғы 20  қазан күні сағат 16:00-де басталады.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа орталығы».

Тіркеу 7172225@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

БАҚ өкілдерінің сағат 15:30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.