You are here

«Тіл–татулық тірегі» конкурсын өткізу туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 18 қазан 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Бас прокуратура Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыру, мемлекеттік тілді көпшілікке тарату мақсатында прокуратура органдары қызметкерлері арасында «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық конкурс өткізді.

Конкурстың негізгі мақсаты – халықтың бірлігін және ұлтаралық келісімді нығайту, сонымен қатар прокуратура органдары арасында мемлекеттік тілді насихаттау.

Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурордың орынбасары Жақып Асанов мемлекеттік тілдің тәуелсіздікті нығайтудағы рөлін, өткізіліп отырған шараның қазақ тілін дамытуға және қызметкерлердің өз білімдерін одан әрі жетілдіруге ынталандырудағы маңыздылығын атап өтті.

Жарысқа Бас прокуратураның, Бас әскери прокуратураның, Бас көлік прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Астана қаласы және облыстық прокуратуралардың  командалары қатысты.

Мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде меңгерген қызметкерлерден құралған  17 команда жеңіс үшін бақ сынасты.

Конкурсқа қатысушылар өздерінің шешен сөйлеу шеберлігін, мақал-мәтелдерді білу, Абайдың қара сөздерін, қазақтың ұлы ғұламаларының қанатты сөздерін мәнерлеп айтуда білім-біліктерін көрсетті. Конкурсқа қатысушылардың көрсеткен театрландырылған қойылымдарын көрермендер ерекше ықыласпен қабылдады.

«Қазақстан – Республикам менің» номинациясы шеңберінде көрермендерге тарихи негіздерге сүйене отырып дайындалған қызықты ақпараттар беріліп, қонақтар атақты ғалымдар мен қайраткерлердің мемлекеттік тілге қосқан үлестері, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрі туралы мәліметтер алды.  

Мемлекеттік тілде заң терминологиясын білу деңгейін анықтау да  қазылардың назарынан тыс қалған жоқ.

Конкурс қорытындысы бойынша командалар естелік бағалы сыйлықтармен,  Бас жүлде, 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында қызметкерлер Қазақстан Республикасы Президенті оркестрінің концертін тамашалады.

 

Бас прокуратураның Баспасөз-қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.